Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Еңбегі лайықты бағаланды

Еңбегі лайықты бағаланды

18.01.21
Автор: magnetit
Просмотров: 685
Комментариев: 0

Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі Еуразиялық Топ құрамындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Мұндағы жұмысшылар өз ісін жақсы білетін жандар екендігі белгілі. Олардың өнімді еңбегі де кәсіпорын тарапынан лайықты бағаланып, жиі ынталандырылады. Мысалы кен алыбына 2017 жылы орналасқан Майдан Бабақов, осы уақытқа дейін атқарған үлгілі еңбегі үшін басшылық тарапынан бірлестік басқармасының «Құрмет тақтасына» ұсынылды.


 Майдан Аманжолұлы бірлестіктің технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасында электрослесарь болып еңбек етеді. Бұл мамандықты ол Өзбекстан Республикасының Зарафшан қаласында игеріп алған. 25 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар маман 2014 жылы атамекенге көшіп келуді ұйғарып, қала құрушы кәсіпорны бар Рудный қаласын таңдаған.
– Кеншілер қаласы ең алдымен жұмыс орындарының көптігімен, шетелдегі қандастардың осы жерге көптеп көшіп келуімен ұнады. Құжаттарымызды реттестіріп алғаннан кейін «ССКӨБ» АҚ-на келіп, технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасындағы электрлі-механикалық жабдықтар учаскесіне орналастым. Жұмыс күніміз алдымен наряд тапсырмасын алудан басталады. Соған сәйкес басқармадағы, цехтар мен учаскелердегі жонғыш білдектердің, көпірлі крандардың электрмен жұмыс істейтін бөлшектерін жөндеп, жұмысқа жарамдылығын үнемі бақылап отырамыз. Көп жылдық тәжірибем болғандықтан басшылық бригадир болуды сеніп тапсырды, – дейді Майдан Бабақов.
Жұмыс тәжірибесі мол кейіпкеріміз бүгінгі көпке үлгі еңбегінің арқасында биыл технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасының «Құрмет тақтасына» ұсынылып отыр. Бірлестік басшылығының мұндай құрметін Майдан Аманжолұлы жоғары бағалап, мақтан тұтатынын айтты.
– Басқарманың «Құрмет тақтасына» іліккенімді осы жердегі энергетиктен есіттім. Бұл ең алдымен тиянақты жұмысымның жемісі деп ойлаймын. Бірлестікте мен сияқты жұмысшыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Әлеуметтік қолдауы да жоғары деңгейде. Жоспарды орындап, өз міндетін мінсіз атқарған әрбір жанның лайықты марапатталатыны өте қуантады, – дейді электрлі-механикалық жабдықтар учаскесінің электрослесарі.
Бүгінгі кейіпкеріміз 2 баланың әкесі. Әсет есімді тұңғышы да әкесінің жолын таңдап, электрослесарь мамандығын игеріп алған. Қазіргі уақытта бірлестік қатарында еңбек етіп жатыр екен.
Алдағы уақытта Майдан Бабақов тиянақты жұмысын жалғастырып, бірлестіктің өркендеуіне үлес қосуды көздеп отыр. Ендеше еңбекқор жанға кәсіби жетістіктер мен көздеген мақсатына жетуді тілейміз.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив