Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Көшеге табиғи газ келді

Көшеге табиғи газ келді

25.01.21
Автор: magnetit
Просмотров: 640
Комментариев: 0

Рудныйда 18 шағын ауданды газдандыру жұмыстары аяқталды. Алғашқы болып көгілдір отын жүйесіне Космынин көшесіндегі бес тұрғын үй қосылды. 


 Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтыған ауқымды жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталған болатын. Мердігер компания «Межрайгаз» бюджеттен бөлінген 31 млн теңгені толық игеріп, жер асты және жер үстімен 3600 метр газ құбырын жүргізді.
Өз үйінде жылулық пен жайлылықты сезіне бастағандардың қатарында көпбалалы Қожахметовтар да бар. Бес ұлды тәрбиелеп отырған отбасы бұл күнді қанша жыл бойы күткендігі рас.
– Газ – адамзатқа берілген ұлы игілік. Ол бар жерде халықтың өмір сүру сапасы жақсарып, тіршілік те қайнайды. Сол себепті, 4 жыл бұрын қолға алынып, кейін тұралап қалған жобаға қайта қан жүгірткен әкімдікке және жаңа жылды жаңа көңіл-күймен бастауымызға мұрындық болған газ қызметінің мамандарына алғысымды айтамын. Енді отын жағу, көмір тасу келмеске кетті, – дейді отанасы.
Шағын аудан тұрғындары үшін газ тарату желілерінің құрылысы – үлкен істің бастамасы ғана. Енді 65 тұтынушы көшедегі газды өз үйлеріне жеткізу қажет. Әкімдіктің мәліметінше, желіге қосылу жұмыстары жалғаса бермек.
Айта кетейік, биыл қала басшылығы 22, 23, 26, 27, 28 және 29 шағын аудандарын да газдандыру бойынша ауқымды жоспарлар құрып отыр.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив