Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Городская жизнь

Городская жизнь

08.11.19
Автор: magnetit
Просмотров: 584
Комментариев: 0

Городская жизнь

«Жүгенсіздер» салықтан жалтарып қалмайды

Рудный қалалық Полиция Басқармасы рұқсатсыз жүрген «такси» жүргізушілерімен күресуде


 Лицензияң жоқ болса 37 мың 875 теңге төле! Қаламыздағы полиция басқармасы рұқсатсыз жүрген таксилерді тізгіндеуде. Олардың мақсаты заңсыздыққа жол бермеу. Жол потрульдік полициясы арнайы рейд ұйымдастырып, лицензиясыз таксилерді анықтауда.

Заңсыз жүретін таксилерге қарсы күресуді қолға алған полиция басқармасы қаланы тынымсыз аралауда. Олардың айтуынша смартфондардағы «InDriver» қосымшасы көпшілікке көмегі тигенімен, заңсыз такси жүргізушілері еркін әрекеттенуіне де жол ашуда. Осылайша қосымша табыс көзіне ие болатын көп тұрғындарымыз мемлекет алдындағы төлеуі керек болған салықтан жалтарып қалуда. Осындай рейдтердің біріне біз де қатыстық. Нәтижеде жол патрульдік полициясы  лицензиясымен қатар таксилік белгісі де жоқ жүргізушілерді құрықтады.

– Жуырда полиция басқармасында дөңгелек үстел сұхбаты өткен болатын. Оған қатысқан қаламыздың белсенділері осы тақырыпты көтерді. Ол бойынша лицензиясы жоқ «такси» жүргізушілерін анықтайтын бірнеше шараларды қолға алдық. Әсіресе, қалалық аурухана, балалар поликлиникасының алдында көптеген таксилер жиналады. Рұқсаты жоқ болғанына қарамай, автобус аялдамасын заңсыз егелеп те алған. Бірнеше жүргізушіні ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Енді «InDriver» қосымшасы арқылы тасада жүретін такси жүргізушілерін қолға алудамыз. Бүгіннің өзінде бірнешеуін құрықтадық, – дейді Қалалық ПБ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспекторы Ілияс Құдабаев.

Лицензиясы жоқ такси жүргізушісіне салынатын айыппұл 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 37 875 теңгені құрайды. Мұны бірінші рет тұтқындалғанда төлейді. Екі немесе одан да көп рет бір заңбұзушылықты қайталаса көрілетін шар көлемі де артып, жауапкершілік қатаңдай түседі дейді мамандар. «Бос уақытымда 5 теңге табамын» деп бірнеше артық ақшаға шығындалатындар лицензиясын реттеп қойса, өзіне де, мемлекетімізде ге де тиер пайдасы мол болары сөзсіз.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ

 

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив