Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» «Горняк» жеңіске жетті

«Горняк» жеңіске жетті

08.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 562
Комментариев: 0

Рудныйлық «Горняк» хоккей командасы елімізде өтіп жатқан «PRO HOKEI LIGASY» Қазақстан Чемпионаты аясында елордалық «Снежные Барсы» командасымен кездесіп, ұтыссыз өткен 8 мачтан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт сарайында өткен алғашқы сыртқы кездесу 2-4 есебімен аяқталды.


 Чемпионат аясында өткен алғашқы ойын басталған сәттен-ақ рудныйлықтар, өткен матчтардағы қателерін ескеріп, елордалық командаға қарсы шабуылдарын күшейтті. Соның арқасында алғашқы есеп ойынның 6-шы минутында ашылып, горняк шабуылшысы Владислав Власов көзге түсті. Ойынның екінші кезеңінің алғашқы минуттарында «Горняк» ойыншылары басымдылықты қолдан жібермеуге тырысып, қарымды шабуылдарының арқасында форвард Никита Харькин соғылған екінші шайбаның авторы атанды.
Ойынның 29-шы минутында қарсылас команда шабуылшысы Адам Евлоев берілген мүмкіндікті пайдаланып, таблодағы есепті бір шайбаға дейін қысқартты. Десек те арада небәрі 34 секунд өткенде рудныйлық команда үшінші шайбасын соғып, Артем Сошников мергендігімен танылды. Кездесудің аяқталуына 4 минут қалғанда «Снежные Барсы» хоккейшілері шайба соғып, есепті қысқартқанымен, ойынның соңғы нүктесін Владислав Власов қойып, қорғаусыз қалған қақпаға екінші шайбасын соқты. Сонымен қорытынды есеп 2-4 «Горняк» ойыншылары кезекті ұпайларына қол жеткізіп отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет интернеттен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив