Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Азулы ақындар сайысы

Азулы ақындар сайысы

22.11.19
Автор: magnetit
Просмотров: 622
Комментариев: 0

Азулы ақындар сайысы

Қаламыздағы №7 мектеп қабырғасында айтыс өтті. Оған жас буынмен қатар тәжірибелі, талай додада жүлдегер атанып жүрген ақындар қатысты. Негізгі мақсат төл өнеріміздің мәртебесін асыру және осы іс-шараны қаламызда дәстүрге айналдыру.


 Рухани жаңғыру жобасын жүзеге асыру мақсатында қаламыздағы бетке ұстар, жуырда ғана қазақтың жазушысы Би ағаның есімі берілген мектеп-гимназия қабырғасында өткен айтыс Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына, сонымен қатар биылғы жастар жылына арналып отыр. Мәдени іс-шараның басы бірнеше конкурстарға қатысып, лауреат атанған домбырашы оқушылардың күйімен басталды.

Мектеп-гимназияда ұйымдастырылған айтыстың алғашқы жұбы облыстың саңлақ ақындары, көпшілікке танымал Ғалымгерей Кенжеғозин мен Мамай Ізтілеу болды. Сөздерін сәлемдесумен бастаған ақындар тақырыпты білім, өнер, әлеуметтік саладағы мәселелермен жалғастырды.

Шараның негізгі мақсаты – айтыс өнерін насихаттау, оның ішінде өскелең жас ұрпақты шешендік өнерге, айтысқа баулу және тәрбиелеу, сонымен қатар бұл іс-шараны Рудный қаласында дәстүрге айналдыру болып табылады. Мектеп қабырғасындағы айтыс демеушілердің арқасында өткізілді. Қаламыздағы бірнеше кәсіпорын рухани жаңғыру жобасына ат салысуға ниет білдіріп, қаражат бөліп, оқушылар үшін тәжірибелі ақындармен бірге бір сахнада өнер көрсетуге, жас буынның тұщымды тәжірибе алуына мүмкіндік берді.

–  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, бүгінгі күні №7 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына, сонымен қатар жастар жылына арналған ашық қалалық ақындар айтысын ұйымдастырып отырмыз. Демеушілер жақыннан көмек берді. Осы жас оқушылармен қатар айтыс тартымды болуы үшін тәжірибелі ақындарды қатарға қостық. Олар Бейімбет Майлин ауданынан Мамай Ізтілеу және Қостанай қаласындағы №10 мектептің мұғалімі, айтыскер ақын Нұрсұлтан Қасым және жергілікті ақын Ғалымгерей Кенжеғозин, – дейді қала әкімдігіндегі жобалар кеңсесінің әдіскері Ермек Иманқұлов.

Регламент бойынша әрбір қатысушыға 20 минут беріледі. Айтыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы әрбір қатысушының өнерін, тақырыпты қозғау қабілеттілігін, шешендігін бағалап, сайыстың жеңімпазы деп Ғалымгерей Кенжеғозинді атады. Одан кейін бірінші орынды Бейімбет ауданының ақыны Мамай Ізтілеу иеленген болса, екінші орын Наргүл Қарағұловаға және үшінші орын Нұрсұлтан Қасымға бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және тұрмыстық техникамен марапатталды.


Ерғали НӘБИҰЛЫ


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив