Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Рудныйлық Азия рекордын жаңартты

Рудныйлық Азия рекордын жаңартты

13.12.19
Автор: magnetit
Просмотров: 647
Комментариев: 0

Рудныйлық Азия рекордын жаңартты

2-4 желтоқсан аралығында Алматы қаласында классикалық пауэрлифтинг спорты бойынша Азия чемпионаты ұйымдастырылып, Рудный қаласының «Горняк» ЖСК зілтеміршілері Дияс Мұхамедин бас жүлдемен оралды.


Күштілер жарысына 22 елден келген 300-ге жуық зілтемірші қатысқан. Қаламыздағы «Горняк» жастар спорт кешенінің спортшылары Дияс Мұхамедин және Евгений Красновский осы додалы жарыстың алдында облыстық және республикалық іріктеуден өткен. Дияс 18 жасқа дейінгі жастар арасында 53 келі салмақ категориясында өнер көрсеткен болса, Евгений ересектер арасында 120 келіге дейінгі салмақ категориясында бағын сынаған. Дияс Мұхамединді Евгенийдің өзі жаттықтырады екен.  Тәжірибелі бапкерінің күнделікті жаттығуларының арқасында жас спортшы Алматыда өткен додада өзінің салмақ категориясы бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері нормативін орындап, зілтемірмен отырып тұру бойынша Азия рекордын жаңартқан.

Осы жарысқа өзі де қатысқан Евгений Красновскийдің айтуынша Дияс осы спорт түріне 13 жасынан бастап келіпті. Ал «Горняк» спорт кешенінде жаттығып жүргеніне 1 жыл болған. Спортшылардың мұндай жоғары дәрежелі жарысқа баруына спорт кешенінің басшылығы мен «ССКӨБ» АҚ қолдау көрсеткен екен. Диястың бапкері Евгенийдің сөзінше алдағы уақытта спортшылар біраз тынығып алғаннан кейін, келесі жылы болып өтетін жарыстарға жоспарларын құрады екен. Ендеше спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!


 

Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив