Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Ыңғайлылық басты назарда

Ыңғайлылық басты назарда

28.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 610
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ-да жұмысшылардың өнімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау жалғасуда. Жақында Шекемтас өндіру цехының аумағында орналасқан теміржол тармақтарына қызмет көрсететін жол жұмысшылары үшін жаңадан модульдік ғимарат жеткізіліп, жұмысшыларды қабылдауға дайын тұр. Ғимараттың іші-сырты стандарттарға сәйкес жасалып, тамақтануға, киім ауыстыруға арналған жабдықтармен толыққан.


Жаңа модульдік ғимарат Шекемтас өндіру цехының аумағындағы «Кольцевая» бекетіне 2020 жылдың желтоқсан айында жеткізілген. «ССКӨБ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынған ғимараттың іші 3 секцияға бөлініп, тамақтанатын, киім ауыстыратын және жол шеберінің кабинеттері болып қалыптасты. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

– Киім ауыстыратын бөлмеде 12 адамға арналған шкафтар қойылып, қолайсыз ауа райы кезінде сыртқы киімді кептіретін 3 арнайы шкаф орнатылған. Тамақтану бөлмесінде тоңазытқыш, отыратын орындықтар мен үстелдер, сондай-ақ түскі асты қыздыруға арналған микротолқынды пеш те қойылған. Бұнымен қоса модульдік ғимаратта қол жуғыштар да қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда барлық қолайлы жағдай жасалған, – деді «ССКӨБ» АҚ Жол шаруашылығы және құрылыстар цехына қарасты «Комбинатовский» учаскесінің бастығы Серік Ермағамбетов.

Учаске бастығының сөзінше мұндай ғимараттар қыстың аязды күндерінде әсіресе тиімді. Өйткені оның жылу жүйесі боранға да, қатты аяздарға да төзімді екен. Ал жаздың шіліңгір ыстығында жұмысшылар ғимараттағы заманауи желдеткіштің астында дем алады.

– «ССКӨБ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының арқасында біздің бөлімшеде мұндай ғимараттың осымен екіншісі орнатылып отыр. Біріншісі жоғарғы фабрика бекетінде орналасқан. Алғашқы модульдік ғимарат 2019 жылы жеткізіліп, қазіргі уақытта жұмысшылардың көңілдерінен шығып отыр. Болашақта басқа бекеттерге де модульдік ғимараттардың қойылуы жоспарда бар, – дейді Серік Ғалымжанұлы.

Мамандардың айтуынша бұған дейін теміржол тармақтарына қызмет көрсететін жол жұмысшылары осы жерде тұрған 2 бөлмелік контейнерді пайдаланып келген. Жаңа модульдік ғимарат қолданысқа берілгеннен кейін, аталған контейнер құрал-саймандарды сақтайтын орын болып кәдеге жарамақ.

 

Ерғали Убайдуллаев

Суретті түсірген Елена Артемова

 

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив