Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Машинистер сұранысқа ие

Машинистер сұранысқа ие

09.03.21
Автор: magnetit
Просмотров: 172
Комментариев: 0

Кәсіптік бағдарлау жұмысы кез келген кәсіпорын үшін қатарын білікті мамандармен толықтыратын жақсы мүмкіндік. Сондықтан жергілікті жұмыс берушілер жылдан жылға кәсіптік білім беретін оқу орындарымен қарым-қатынастарын нығайтып, оқушылар мен студенттер арасында танымдық іс-шараларын көптеп өткізеді. Жақында осындай кездесулердің бірі Рудный тау-кен технологиялық колледж қабырғасында ұйымдастырылып, ERG тобына кіретін «ТрансРемВагон» ЖШС мамандары болашақ машинистермен кездесті.


 Бүгінгі күні «ТрансРемВагон» серіктестігінің жұмысшылар құрамы 298 адамды құрайды. Олардың басым бөлігі машинистер, слесарь-жөндеушілер, металл жонушылар мен дәнекерлеуші мамандар. Серіктестік өкілдерінің айтуынша жылдан-жылға кәсіпорынға келіп түсетін тапсырыстар көлемі ұлғайып, жұмыс күшіне деген сұраныс арта түскен. Тау-кен технологиялық колледж қабырғасында ұйымдастырылған кездесуде келген қонақтар «электровоз машинисі» мамандығы бойынша білім алып жатқандарды алдымен кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстырып, жұмыс берушінің әлеуметтік бағдарламалары жайлы айтып берді.
- Колледжде өткен кездесу 1 және 2 курс студенттерімен, сондай-ақ №19 мектептен келген жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Аталған білім ордасымен көп жылдық ынтымақтастық арқасында мұндай кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жыл сайын өткізіп, білім алушыларды өндірістік практикаға шақырамыз, сол сияқты тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де ұсынамыз. Қазіргі уақытта «ТрансРемВагон» серіктестігіне машинистер мен слесарь-жөндеушілер сияқты мамандар қажет, - дейді серіктестіктің операциялық қызмет жөніндегі HR-үйлестірушісі Юлия Добышева.
Мамандардың сөзінше кездесу барысында білім алушылардың тарапынан кәсіпорын қызметіне қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, жұмысшыларға төленетін еңбекақы көлемі де қызықтырыпты. Белгілі болғандай бүгінгі таңда «ТрансРемВагон» ЖШС-де төленетін орташа еңбекақы жұмысшылардың біліктілік деңгейіне қарай 150-200 мың теңгені құрайды. Бұнымен қоса қызметкерлер үшін жұмыс орнына тегін жеткізу, жоспарды орындау қорытындысы бойынша сыйақы төлеу, тамақтануы үшін қаржы бөлу, спорттық секцияларға тегін қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
- Биылғы жылы кәсіпорын жұмысшылары үшін асхана ашылып, ұжымдық келісімшартқа сәйкес тамақтанатын карталар берілмек. Қазіргі уақытта әрбір цехта тамақтанатын бөлмелер қарастырылған. Олардың барлығы қыздыратын пештермен, тоңазытқыштармен және электрлі шәйнектермен қамтамасыз етілген. Бұнымен қоса ұжымдық келісімшартқа сәйкес жұмысшыларымыз еңбек демалысына шыққан кезде оларға қосымша бір айлық еңбекақы төленетін болады, - дейді Юлия Добышева.
Кездесу барысында айтылғандай вагон жөндейтін кәсіпорын биылғы жылдан бастап пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған өндірістік практикадан өтуді қайтадан жаңғыртып, студентерді қабылдауға дайын тұр. Серіктестік өкілдерінің айтуынша кәсіпорынға практикаға келген 3-курс студенттерге 42500 теңге көлемінде шәкіртақы төлеу қарастырылған.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив