Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі

Ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі

09.03.21
Автор: magnetit
Просмотров: 471
Комментариев: 0

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді. Абай Құнанбаевтың бұл даналық сөзі кез келген заманда құнын жоғалтпайтын секілді. Шәкірттерін сәт сайын жаңа әдіс пен білімге баулып отыратын білікті ұстаз Тұрағұлова Балжұма Темірбекқызының қыруар еңбектерін бірі білсе, бірі білмейді. Жанымызда жүрген жарқын жанды әйел-қыздар мерекесі қарсаңында сұхбатқа тарттық. Зиялы ұстаздың тұшымды сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.


 – Өзіңіз және өскен ортаңыз туралы айтып берсеңіз
– 1964 жылдың 2 сәуірде Қостанай облысы Меңдіқара ауданының атына заты сай, табиғаты көркем, Тобыл өзенінің бойында орналасқан Қаражар ауылында дүниеге келдім. 1971 жылы Қаражар сегізжылдық мектебінің табалдырығын аттадым. Батыр Тұрсынбай атадан тараған ұрпақтардың, соның ішінде Тұрағұл әулетінде алғашқы ұстаздық мамандықты таңдаған мен болдым. Мектепте үздік оқып, қоғам жұмысына белсене араласқандықтан ба жоғары сыныпта оқып жүргенде мені көбіне бастауыш сыныптарға сабақ беруге жіберетін. Сол кезеңнен бастап, «болашақта мұғалім боламын» деп алдыма мақсат қойдым. 1981 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық училищесіне «Бастауыш білім беру» мамандығына түсіп, 1984 жылы үздік дипломмен бітірдім. Сол жылдан-ақ еңбек жолымды бастадым. 1991 жылы еліміз егемендік алғаннан соң Меңдіқара ауданының орталығында қазақ мектебі ашылып, оған мені директор етіп сайлады. Осы жылдары Қостанай мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш класстарды оқыту әдістемесі» факультетіне түсіп, сырттай 1994 жылы бітіріп алдым. 1994 жылдан бастап өзімді білім нәрімен сусындатқан Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысымын. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, топ жетекшісі болдым. Жалпы еңбек өтілім 36 жыл болса, оның 26 жылы аталған оқу орыныда өтуде.
– Жеткен жетістіктеріңіз бен алған алғыс, марапаттарыңызға тоқталып өтсеңіз
– Осы 26 жыл ішінде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі әртүрлі ісшараларға өзім және студенттерімді қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып келеміз. Өз тәжірибеммен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ақпарат құралдары арқылы бөлісіп тұрамын. Алматы, Астана, Көкшетау, Өскемен т.б. қалаларда білімімді жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу жұмыстарына қатыстым. Бірнеше оқу-әдістемелік жұмыстардың авторымын. 2015 жылы аймақта «Үздік педагог» атандым. Еңбегім еленіп әр жылы колледж директорының мақтау қағаздарымен, қала әкімінің алғыс хатымен, Білім Министрінің алғыс хатымен марапатталып келемін. Кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесім үшін, колледждің 60,70,75 жыл толуына орай Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталдым. Осы жылы қалалық «Құрмет тақтасына» суретім де ұсынылды.
«Менің үздік презентациялық сабағым» атты ІІІ республикалық мұғалімдер сайысында 1 орын (2014 ж), Халықаралық Micrisift Office Power Point презентациялар конкурсында 2 орын (2014 ж), Халықаралық «Нестандартный урок» конкурсында 2 дәрежелі дипломмен (2014 ж), педагогика пәнінен республикалық олимпиадада 1 орын (2016 ж), ІІ республикалық педагогтардың «Өнегелі ұстаз» сайысында 2 орын (2016 ж), Республикалық «Үздік сабақты әзірлеу» шығармашылық конкурсынан 3 дәрежелі дипломмен (2017 ж), Республикалық «Үздік баяндама» шығармашылық конкурсында 1 дәрежелі дипломмен (2018 ж) , «Лучшие в образовании» халықаралық энциклопедиясының «Педагогическая слава» тарауына енгізілдім (2018 ж), Республикалық «Білім беру ісінің үздігі» атты байқауына қатысып, 1 дәрежелі диплом және «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталдым (2020 ж).
– Шәкірттеріңіздің арасында биік белестерді бағындырып, көзге түскендері бар шығар?
– «Ұстаздан шәкірт озса игі» демекші, шәкірттерімнің жетістіктерімен үнемі мақтанып отырамын. Түлектерімнің арасында Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназия директоры Бірманова Қымбат Исламбекқызы Республикалық «Үздік педагог-2015» сайысының жеңімпазы болса, №10 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Бурбаева Айнажан «Үздік педагог-2017» конкурсының жеңімпазы болды. Мунтаева Алия – Рудный қаласының №2 гимназиясының жоғары санатты, шебер ұстазы және директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары атанса, Ибраева Нұргүл – Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында жоғары санатты педагог-шебер болып жүр. Осы секілді биіктерден көрінген шәкірттерім бірқанша.
– Отбасыңызға тоқталып өтсеңіз
– Өмірлік жолдасым Нәрікбаев Бейбіт Төлеуұлы электрик болып жұмыс жасайды. Раузатым Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектепте, ал Баяным Рудный қаласындағы №7 Б.Майлин атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілінің мұғалімдері. Арузат болса Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы колледжінің «Анимациялық графика» мамандығының студенті.
– Бос уақытты қалай өткізесіз?
– Бос уақыт болып жатса, алдымнан өткен түлектермен хабарласамын. Қайбірі қайда жүр, көмек керек пе деп, аяқтарынан тік тұрып кеткенше хабарласып жағдайларын біліп тұрамын. Одан бөлек, «ой түбіне жете алмай титықтасам, қолыма қайшы алып ою оям» деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы, ою ойғанды жақсы көремін. Кітап оқып, спортпен шұғылданып тұруға да жаным құмар. Негізінен «Сабақ – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп білемін. Сәт-сәтімен білім беру жүйесіндегі болып жатқан ақпараттармен танысып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеймін. Конференция, семинар және олимпиадаларға дайындаламын.
– Өмірлік ұстанымыңыз
– Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады!
– Жас мамандарға айтар ақылыңыз
– Қазіргі жастардың басым көпшілігінде жалқаулық басым, бұрынғы студенттермен салыстыратын болсам, ол кезде телефон, компьютер жоқ, сабаққа керек құралдар қолдан жасалады, соның бәріне үлгіретін. Ал, қазір керек заттың бәрі дайын, алып қолдана берсең болды. Бірақ, ізденбейді. Әрине, барлығы да емес, арасында осындай «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүргенді ұнататындар баршылық. Жастарға Абай атамыздың мына өлең жолдарын өнеге еткен болар едім: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге». Ең бастысы ізденіңдер, көп оқыңдар!
– Алға қойған мақсатыңыз
– Елімнің кемел болашағы үшін сүбелі үлесімді қосып, әлі де Мәңгілік елдің мықты мамандарын дайындауа – менің басты мақсатым.
– 8 наурызға құттықтау
– Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, сіңлілеріміздің, қызғалдақтай құлпырған қыздарымыздың төл мерекесі, 8 наурыз – Халықаралық әйел-қыздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.


Сұхбаттасқан
Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив