Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Жүрекпен тілдескен дәрігер

Жүрекпен тілдескен дәрігер

09.03.21
Автор: magnetit
Просмотров: 443
Комментариев: 0

Жүрек – кеуде қуысының сол жағында орналасқан іші қуыс бұлшық етті мүше. 62 тамырға қан жүгіртіп, бойға нәр береді. Минутына 72-75 рет соғатын жүрек қызметін кардиологтар бақылайды. Қаламызда жүрекке дем беретін білікті мамандар саусақпен санарлық. Солардың бірі, қалалық ауруханадағы функционалды диагностика дәрігері Баян Қожанова осы салаға жарты ғасырға таяу ғұмырын арнаған.


 Қуану, қайғыру, өкіну немесе таңырқау, тіпті ашу мен ыза, құмарту мен шошыну секілді адам бойынан өтетін эмоцияларды сүзгілейтін мүше «жүрек» дегенге келіспейтін жан болмас, сірә. Жұмған жұдырығыңа тең келетін мүшеңіздің осы сезімдердің барлығына төтеп беруі оңайға соқпайды. Жүрегіңіз сыр бергенде оның ырғағын қалпына келтіруге кардиологтар көмектеседі. Баян Қожанова адам ағзасындағы ең басты мүшенің саулығына жауапты әрі емдейтін мамандардың бірі. Ол жалпы денсаулық сақтау саласына 47 жыл өмірін арнаған болса, оның жартысы кардиология бөлімінде өтуде.
– Мен дерлік 22 жылдан бері кардиология бөлімінде ультрадыбыстық диагностика дәрігері болып жұмыс істеймін. Менің 4 сертификатым бар - терапевт, кардиолог, функционалды диагностика дәрігері және ультрадыбыстық диагностика дәрігері. Бұл салаларда ұзақ жылдар бойы еңбек еттім. Зейнетке шыққаннан кейін де менің мамандығыма қажеттілік болғаны себепті, функционалды диагностика дәрігері ретінде жұмысымды жалғастырудамын, – дейді Баян Қожанова.
Осы жылдар ішінде Баян Қожанова жүректегі кез-келген патологиялық өзгерістерді егжей-тегжейлі зерттеген. Ол оларды өзі жүргізетін диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ғана емес, науқаспен жүйелі түрде сөйлесу кезінде, оның денсаулығына байланысты шағымдарын тыңдау барысында да көріп, тани алады. Бұл мәліметтер дәрігерге дұрыс диагноз қоюға және тиімді емдеуді тағайындауға жақыннан көмектеседі.
Баян Омарқызы өз өмірін денсаулық сақтау саласымен байланыстыру туралы шешімді бала кезінде қабылдаған. Бұл таңдауға анасы дертті болғанда оның сауығып кетуіне көмектесу ниеті әсер еткен көрінеді. Алға қойған мақсатына жең түре кірісуді әдет қылған жас ару мектепті бітіргеннен соң сол кездегі Целиноградтағы медициналық институтқа түсіп, оны сәтті аяқтаған.
– Мен Рудный қаласына 1973 жылдың 1-ші тамызында келдім. 6-шы тамызынан бастап осы күнге дейін медицина саласында қызмет етіп келемін. Алғашында еңбек жолымды бастағанымда ССКӨБ-тің медицинаналық-санитарлық бөлімі болды. Мен 25 жыл бірлестік фабрикасында терапевт болып жұмыс істедім. Әрі қарай, «енетұғын сезіміңнің қыр-сыры, сөнбесін тек жүрегіңнің дүрсілі» деп ұрандатып, жұмыр жүректің ғұмырлы болуына бар күшімді салып келемін, – дейді білікті дәрігер.
Бүгінгі таңда Баян Қожанова Рудный қалалық ауруханасындағы ең білікті әрі абыройлы дәрігерлердің бірі. «Ақ желеңді абзал жан» деген теңеуге лайық азаматтың еңбегін елеп, жүрекпен тілдескен дәрігерді баспа бетінде құттықтауды жөн көрдік. Ендеше:
Құрметті Баян Омарқызы! Біз әйелді әрқашан алақанда аялаған халықпыз. 8 наурыз – Халықаралық әйел-қыздар мерекесі құтты болсын. Сонымен қатар, бүкіл қала тұрғындары атынан денсаулық саласына сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын!


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив