Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
442
0
14-10-2021, 15:37
368
0
» Батырлаға мың тағзым

Батырлаға мың тағзым

20.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 106
Комментариев: 0

Батырлаға мың тағзым


Еліміздің тәуелсіздік алғанынан бері 2664 қазақстандық полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болды. Соның ішінде 800 құқық қорғаушы қауіпті қылмыскерлерді құрықтау барысында ажал құшты. Қостанай облысында 42 тәртіп сақшысы қылмыстылықпен күресуі барысында өмірін қиған. Кәсіби борышын атқарамын деп, мезгілсіз өмірден кеткендердің рухына бағышталып, рудныйлық Полиция басқармасының қабырғасында мемориал орнатылып, салтанатты іс-шараны Басқарма бастығы Әлім Бажикбаев пен Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев ашты.
– Адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау үшін өз өмірін қиғандарды әрдайым есте сақтау керек. Бұл ескерткіш батыл іс-әрекеттерімен халықтың тыныштығын ойлаған адамдарға біздің шексіз алғысымыз болып табылады. Полиция қызметкерлерінің өз кәсібін сүйіп, өз ісінің нағыз кәсіпқойлары болуы маңызды, - дейді Ардақ Ынтықбаев.
Бұл күні ескерткіштің ашылу салтанатына қатысып, оған гүл шоқтарын қойғандардың арасында 19-шы қаңтар күні пышақпен қаруланған бұзақыны тұтқындаймын деп ажал құшқан Қостанайлық полиция бөлімінің 25-жастағы сержанты Дархан Базарбаевтың әкесі де болды. Президенттің Жарлығымен Дарханға «Полиция батыры» деген атақ берілді. Оның және басқа да қызметкерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, аспанға оқ атылды.
Мемориалды ашу іс-шарасымен қатар Полиция басқармасында күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген екі қызметтік объектінің салтанатты ашылуы болып өтті. Оның біріншісі – тәртіп сақшылардың физикалық дайындығын шыңдауға арналған заманауи әрі кең спорт залы болса екіншісі жаңартылған атыс тирі. Спорт залда арнайы тренажерлар, зілтемірлер және жүгіруге арналған кілемдері орнатылған болса, атыс тирі шуды оқшаулайтын, оқтың жанап тиюінен қорғайтын жабынмен қапталған.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив