Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
6-04-2020, 13:24
33
0
6-04-2020, 13:20
18
0
» Ардагерлерге көмек

Ардагерлерге көмек

20.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 173
Комментариев: 0

Ардагерлерге көмек


Биылғы жылы жауған қардың көлемі жыл сайынғы нормадан асып түсіп, Рудный тұрғындарын әбігерге салды. Жеке үйлерде тұратын зейнеткерлер үшін таудай болып үйілген қар үлкен проблемаға айналды. Өйткені олардың басым бөлігі өзінің егде жасына байланысты үйге баратын жолды қардан тазартуға қауқарсыз. Осындай қиын жағдайдаларда «ССКӨБ» АҚ өмірінің біраз жылын кәсіпорынға арнаған ардагерлерін ұмытпай, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұрады. Бірлестіктің жастар саясаты бөлімінің мамандары кәсіподақ ұйымының өкілдерімен бірлесіп, екі зейнеткердің өтініші бойынша оларға көмек қолын созу үшін күректері мен ауыр техникасын алып барған еді.
– Бір ардагеріміздің үйінің алдындағы жолды, дүкенге және су колонкасына баратын жолды тазартып бердік, өйткені ардагердің үйіне су тартылмаған және жауған қар үйінің алдын бөгеттеп тастапты. Бұл жұмысты екі қолға күрек алып жасадық. Зейнеткерлер бұл игі іске қуанып отыр, оларды біз назардан тыс қалдырған емеспіз, әрдайым өтініштерін орындауға тырысамыз, – дейді Тау-кен теміржол көлігі цехының кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Виктор Ключко.
Өтініші елеусіз қалмаған зейнеткерлер де бірлестікке шексіз алғысын айтып отыр. Ардагерлерді үлкен техниканың жұмылдырылғаны да қатты қуантты. Техниканың көмегімен қар тазалау жұмысы жылдам әрі сапалы жүреді дейді, – бірлестік ардагері Николай Тоненчук.
Бұнымен игі істер тоқталмайды. Наурыз айының басталысымен алып кәсіпорын ұжымының атқаратын жұмысы ұлғаяды. Жұмыскерлер әдеттегідей «Наурыз – игі істер айы» акциясына белсенді қатысуды жоспарлап отыр, оның аясында бұрынғы әріптестерінің тұрмыстық проблемалары қарқынды шешілетін болады. Мұндай игі істе ардагерлеріміз үшін әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз, өйткені бұл біздің міндетіміз дейді бірлестік мамандары.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив