Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
6-04-2020, 13:24
33
0
6-04-2020, 13:20
18
0
» Қауіпсіздік басты назарда

Қауіпсіздік басты назарда

20.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 163
Комментариев: 0

Қауіпсіздік басты назарда


Өңіріміздің ірі кәсіпорны жыл сайын техникасын жаңартумен қатар, өз жұмыскерлерінің қауіпсіздігіне де ерекше назар аударады. Мұнда еңбек ететін әрбір жұмыскер жеке қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Қысқы және жазғы жұмыс киімдері де жиі жаңартылып отырады. 2019 жылдың аяғында Желілер мен кіші станциялар цехының жұмыскерлері мен шеберлері жаңа үлгідегі арнайы қорғаныс киімімен жабдықталды. Сыртқы келбеті де сәндендіріліп жасалған бұл киімдер ыстыққа төзімді материалдан тігілген. Бұл материал жұмыскерлерді электр доғасынан қорғайды. Цехтың учаске бастығы Дмитрий Жуковтың айтуынша, цех жұмыскерлерінің жұмысы үлкен тәуелділікпен байланысқан. Электр қуатымен жұмыс істейтін мамандар күнделікті міндетін атқаруы кезінде қауіпсіздік ережелерін барынша сақтап, нұсқаулықтардан ауытқымауы тиіс. Өйткені үлкен кернеудегі тоқ көздерімен жұмыс істеу қателікті кешірмейді. Егер де тоқтың қысқа тұйықталуы орын алатын болса, пайда болған от ұшқындарынан осындай жұмыс киімдері адам денесін күйіп қалмаудан қорғайды.
Жаңадан әкелінген жұмыс киімдер қысқы және жазғы үлгідегі болып бөлінеді. Сыртқы киіммен қоса, оның ішінен киетін іш киімдер мен электр қондырғыларымен жұмыс істеуге арналған қолғаптар да қарастырылыпты. Бұлардың барлығы адам өмірін сақтауға септігін тигізеді. Цехтағы жұмысшылар жаңа үлгідегі қорғаныс құралдарының ыңғайлылығын ерекше атап отыр. Сондықтан, кәсіпорынның өз жұмысшыларына жасап отырған қолайлы еңбек жағдайлары үшін алғысымыз шексіз дейді.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Виктор Назаровский

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив