Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Арыз-шағымдар тыңдалды

Арыз-шағымдар тыңдалды

13.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 843
Комментариев: 0

Арыз-шағымдар тыңдалды


Бұл жолы Бекет Аймағамбетов барлық қатысушыларды бір есікке үйірмей, онлайн түрде аймақ бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Осыған орай аудан және қалалардағы полиция басқармасы ғимараттарында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Одан бөлек кез келген қалаушы интернет арқылы тікелей эфирде көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарды аймақтық полиция бастығына жолдауға мүмкіндік алды.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы түрлі қоғамдық қабылдауларды жиі өткізетінімен аймаққа белгілі. Құр шөппен ауыз сүртпей, талай мәселелердің басын да ашып беріп отырады. Бұл жолы короновирустың кесірінен көптеген адамның шоғырлануына тиым салынғаны себеп, онлайн кездесу өткізуді қолға алған аймақтық полиция бастығы фесбукте және инстаграмм желісінде тікелей эфирде жарқ етті. Аудан және қалаларда баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, алыстағы ағайынға да қабылдауға қатысуға мүмкіндік жаратылды. Рудный қаласындағы полиция басқармасы ғимаратында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына біз де қатысып, тікелей эфирдің куәсі болдық. Полиция департаментінің бастығы сөзді жылдық есеп беруден бастады:
– Құрметті есептік кездесуге қатысушылар, бүгін мен халық алдында полиция жұмысы туралы баяндаймын. Бүгінгі таңда әлемді дүрліктірген короновирусқа қарамастан біз интернеттің көмегімен кең ауқымды аудиторияны қамтып отырмыз. Мен есептік кездесуді азаматтарды қабылдау, олардың мәселелерін шешу ретінде қарастырамын. Екінші жыл қатарынан Ішкі Істер Министрлігі жүйесінде 2019-2021 дылдарға арналған жол картасы жасалды. Полиция халықпен жақын болудың жаңа әдісіне көшуде. Басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету, – деді Бекет Аймағамбетов.
Жаңа форматтағы кездесу аймақтың түпкір-түпкіріндегі кез келген тұрғынға қабылдауға қатысуға мүмкіндік берді. Есеп беру аяқталған соң сұрақтар бір шеттен жауа бастады. Әсіресе, көпшілікті толғандырған интернеттегі алаяқтарға тиісті қандай шаралар көріліп жатқандығына көпшілік қызығушылық танытты.
– Интернеттегі алаяқтық мәселесі бойынша кеденді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Криминалдық полиция құрамында 5 маманнан құрылған арнаулы топ бар. Барлығының да интернет саласындағы білімі жоғары. Соңғы уақытта олар бірталай қылмыстың бетін ашты. Нақтап айтсам, өткен жылы 68 қылмыстық іске нүкте қойылды. Бір мысал келтіріп өтейін, жақында қабылдауыма бір әйел келіп жүгінді. Оның шағымында 2,5 млн теңге қаржысы интернет алаяқтарының қалтасында кеткені көрсетілген. Лезде қолға алып, қылмысты ашуға кірістік. Нәтижеде айыпты алаяқ Ақтөбе қаласының жасөспірім тұрғыны болып шықты. Ата-анасы баласының қылмысынан біз арқылы хабар тапқаннан кейін жәбірленушіге ақшасын қайтарып берді, – деді Бекет Аймағамбетов.
Сұрақтар арасында рудный-лықтардың да көтерген мәселелері бар. Мысалға, елімізде жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар, кеншілер қаласына тиісті тұстары, жол жөндеу, көшені жарықтандыру, құқықбұзушылықты азайту секілді мәселелер тілге тиек етілді. Одан бөлек, жыл атауына байланысты волонтерлерге құқық қорғау органдары тарапынан қандай көмектер көрсетілетіні сұралды. Бекет Аймағамбетов барлық сұрақтарға бірме-бір тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелерді қадағалау мақсатында қағазға түртіп отырды.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив