Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Жыл әйелі – 2020

Жыл әйелі – 2020

13.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 966
Комментариев: 0

Жыл әйелі – 2020


Биылғы жылғы шара алдың-ғысынан өзгерек. Қаламыздың дамуына үлес қосқан әйелдерді марапаттау – шараның негізгі мақсаты болды. Қала әкімдігі қабырғасында мереке қарсаңында «Жыл әйелі 2020» сыйлғы үздіктерге берілді.
Сыйлық бес номинация бойынша ұсынылды. «Алтын сапа» атағы кәсіби салада биіктерге қол жеткізген тұрғындарға табысталды. Мысалға, эксгаустер машинисі Ольга Дунасюк ССКӨБ акционерлік қоғамының кен дайындау және байыту цехында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Ал, еңбек ардагері Ирина Ковчюк бүгінгі таңда «Амид» хоккей кортының есепшісі болып қызмет атқарады. Ол өмір бойы цифрлармен жұмыс істеп келеді. Оның экономикалық саладағы білімі өз заманында қаламыздағы спорт кешені, тоқу фабрикасы, сұрыптау станциясы мен перзентхана құрылысында зор пайда берген.
– Бір замандарда адамдар «Әйелдің орны пештің түбінде» дейтін. Ал қазір қоғам өзгерді. Барлық салада қызмет атқарып жүрген әйелдерді кездестіруге болады. Әйел өндірісте жүр, әйелдер көптеген саланы игеруде, тіпті әйелдер басшылықта да бар. Әйелдің бойында ерекше қасиеттер көп. Менің тілегім осы қалыптарыңыздан таймаңыздар, – деді Ирина Ковчик.
«Сәтті бренд» номинациялары біздің қалада сирек кездесетін мамандық иелеріне берілді. Жанна Қожамұратова бала кезінен ым тілін үйренуді армандапты. Содан кейін ұзақ уақыт бойы Рудныйда ым-ишара тілінің жалғыз аудармашысы болған. Жеті жыл бұрын ол 30-дан астам балаға арналған түзету студиясын ашқан. Ал Вера Левченко болса 12 жастан бастап қуыршақ жасаудың нағыз шебері болған. Бүгінде оның таланты тек Қазақстанда ғана емес, алыс шетелде де танымал.
–Менде марапаттар өте көп. Дегенмен, өзің тұрған қалада сені мойындап жатса, бұл өте әсерлі әрі жағымды жағдай. Барлық әйел-қыздарға қуанышты сәттерің көп болсын деп тілеймін. Әрқашан шабыт бойыларыңыздан кетпесін, – деді Вера Левченко».
Инклюзивті білім берудің өзіндік тәсілдерін жасайтын, жеке оқу бағдарламаларын құрайтын, сондай-ақ рационализаторлық ұсыныстарын алға қойғандар «Жаңа формат» номинациясында да әйелдер марапатталды. 19-шы шағын аудандағы тұрғын-үй кооперативі төрайымы Надежда Светликованың қарамағында 14 көпқабатты үй бар. Тұрғындардан қаражат жинамай-ақ тұрғын-үй кооперативінің күшімен тұрмыстық ыстық су құбырларын ауыстырып бергені үшін Надежда ерекше марапатқа ие болып отыр.
–Біздің еңбегіміздің бағасын беріп жатқандарға мың алғыс. Қаламызда тұрғын-үй кооперативі бөлімшелері өте көп. Солардың арасынан бірінші рет осындай марапат ұйымдастырып жатқандарыңызға қатты қуандым. Сіздер арқылы тұрғын-үй кооперативінің азғантай еңбегін халыққа паш ете алдық. Осы бағытта тек алға қарай жылжитын боламыз,– деді Надежда Светликова.
Шығармашылық саласында жетістікке жеткен кеншілерге «Рухани Қазына» атағы берілді, ал еріктілерге, көп қан тапсырған донорларға, қаламыздыңәлеуметтік мәселелеріне бей-жай қарамайтын адамдарға «Шапағат» номинациясы берілді. Жалпы алғанда, «Жыл әйелі-2020» атағы 25 тұрғынға бұйырды. Олардың әрқайсысы өз жеке басын ғана ойламай, қандай іс-әрекет арқылы қаланың дамуына үлес қосуға болатынын дәлелдей алған адамдар болып табылады.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген

Варвара ШЕСТАКОВА 

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив