Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Елеулі еңбек, еселі жеміс

Елеулі еңбек, еселі жеміс

19.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 535
Комментариев: 0

Өмірде білім мен тәжірибені ұштастыра білген адам ғана өз жұмысының шебері атанады. Ал, айтылған қасиеттерге тәртіп пен ұқыптылықты біріктірсе мәнсап жолында өсіп, асығы алшы келері сөзсіз. ССКӨБ осындай қабілетке ие жастарды жақыннан қолдайды. Жуырда ғана шекемтас өндіру цехына слесарь жөндеуші болып келген Ақберен Жақсылықов оның жарқын мысалы. Жас маман бүгінгі күнде күйдіру учаскесінің механигінің міндетін атқарып жүр.


 22 жасқа енді қадам басқан Ақберен Ертуғанұлы осындан 9 жыл бұрын Өзбекстаннан ата жұртқа қоныс аударыпты. Кеншілер қаласы өзінің келбетімен, түрлі мүмкіндіктерімен Жақсылықовтар отбасын баурап алған секілді. 2019 Рудный политехникалық колледжін бітіріп, қолына дипломын алған жас жігіт сол жылдың мамыр айында шекемтас өндіру цехына жұмысқа келген. Слесарь жөндеуші болып 2 жыл жұмыс істепті. Соңғы 1 айда механик болу үшін сынақтан өтуде.
Слесарь-жөндеуші күйдіру учаскесіндегі күйдіру машиналарын жоспарлы жөндеуден өткізу барысына қатысады. Қазіргі таңда механик міндетін атқара бастаған Ақберен енді жұмысшыларға тапсырма беріп, оларды бақылап жүр.
– Негізгі бағытымыз – жөндеу жұмыстары. Қарапайым жөндеумен қатар қауіпті жөндеулерге келгенде қосымша шаралар көріледі. Мысалы, жөндеу барысына кескіш құралы, отпен, газбен дәнекерлеу сияқты қауіп-қатерге толы қызметтер қажет болса, ол үшін қосымша рұқсатнама толтыру механиктің міндетіне кіреді. Үнемі бықлауда ұстап, жұмыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отыру да біздің мойнымызда, – дейді Ақберен Жақсылықов.
Жөндеу жұмыстары қажет болмаған ауысымдарда Ақберен әріптестерімен бірге қоймада резервте тұрған қосымша бөлшектердің жарамдылығын көзден кешіріп отырады. Себебі, аяқ асты бірер бөлшек бұзылып жатса, оны алмастыру үшін керек заттың жарамдылығына көз жеткізіп отыру керек.
– Слесарь жөндеушіге қарағанда механик болу міндеті қиындау, – дейді Ақберен Ертуғанұлы. – Себебі, жөндеушілер берілген тапсырманы орындайды. Ал, механик – сол жөндеуді дұрыс жүргізуге, оған қажетті бөлшектер мен жұмсалатын уақытты және жұмысшы күшін орынды пайдалануға жауапты. Осыларды орындай білген механик басты мақсатымыз болған қауіпсіздік пен өнімділікке қол жеткізе алады.
Күйдіру машиналарының механигі Ақберен Жақсылықов бірлестіктің спорттық шараларына да атсалысып тұрады. ССКӨБ көлемінде өтетін спартакиадаларда футбол және волейбол ойындарында бірнеше рет бой көрсеткен. Командасымен жүлделі орындарға ие де болған. Бір сөзбен айтқанда бірлестіктің өндіріс саласына да, мәдени өміріне де белсенді араласып келеді.
– Кәсіпорын жылдан-жылға жақсарып келе жатыр. Даму жолы болса әлем назары түсетіндей деңгейде деп айта аламын. Мен бұл кәсіпорынның болашағы мықты деп білемін. Сол үшін де ССКӨБ-те жұмысымды жалғастыра беруге деген құлшынысым жоғары. Талпына берсем мәнсап жолында жоғарылайтыныма сенімдімін. Себебі, ССКӨБ – мүмкіндіктер орталығы, – дейді жас маман.
Қазіргі таңда Ақберен РИИ-дің ІІ курс студенті. Өз мамандығы бойынша жетілуді көздеген жас жігіт колледжді бітіре салысымен институтқа оқуға түсіпті. Оқу мен жұмысты қатар алып жүргені үшін де құнды тәжірибелерді бойына сіңіруде. Оған үлкен сенім артып отырған басшылығы болашақта Ақбереннің талай белесті бағындыруына үмітті.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Ерғали НӘБИҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив