Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Тиімді жаңару

Тиімді жаңару

19.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 097
Комментариев: 0

Ағымдағы жылы «ССКӨБ» АҚ-ның өнеркәсіптік алаңдарына жаңа жабдықтардың екі бірлігі келіп түсті. Оның бірі техникалық бақылау бөліміне жеткізіліп, дайын өнімнің химиялық құрамына жылдам талдау жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бірлестіктің корпоративтік коммуникация қызметінің мамандары хабарлап отырғандай, «SIMULTIX 15» деп аталатын жаңа спектрометр концентрат пен шекемтастың негізгі элементтерін талдауға небәрі 1-2 минут уақыт жұмсайды екен. Сондай-ақ бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы бойынша кен дайындау және байыту цехына шетелдік «NASH» фирмасы шығарған жаңа вакуумдық сорғысы да сатып алынған. Өнеркәсіптік кешен алаңына орнатылған бұл жабдық бүгінгі күні жақсы нәтижелерін көрсетіп отыр.


 Қандай да бір өнімнің жеткізушісінің таңдау кезінде тұтынушылар ең алдымен негізгі көрсеткіш ретінде сапасына назар аударатыны сөзсіз. Өнімнің сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оған сұраныста көп болады. Сондықтан, темір кені концентраты мен шекемтас өнімдерін шығару кезінде «ССКӨБ» мамандары барлық технологиялық регламенттерді қатаң сақтайды. Бірлестік мамандары өнім өндіру кезінде барынша жаңа технологияларды да қолдануға тырысады. Бұл өз кезегінде өнімдегі қажетсіз қоспалардың көп болмауын қамтамасыз етеді екен. Осындай жаңа жабдықтардың бірі – өндіріске қажетті вакуум сорғылары жақында кен дайындау және байыту цехына жеткізіліп, өнімнің сапасын жақсартуға септігін тигізіп отыр.
– Бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы аясында нөмірі екінші вакуумдық сорғы орнына біздің цехта «NASH» фирмасы шығарған жаңа сорғысы орнатылды. Бұл жабдық №3-ші технологиялық кезектің вакуум құбырында вакуумды шығару үшін қызмет етеді. Бүгінгі күні осы технологиялық кезектегі жұмысқа 14 вакуум машиналар жұмылдырылған. Олардың екеуі бүгінгі күні «NASH» сорғыларына ауыстырылды, – дейді ССКӨБ» АҚ ӨК КДБЦ байыту учаскесі бастығының міндетін атқарушы Алексей Давыдов.
Германиялық «NASH» фирмасы шығарған жаңа жабдық мерзімі және техникалық тозығы жеткен ескі айналмалы вакуумдық су сорғыларының орнына орнатылған. Шетелдік сорғылар ескі үлгілеріне қарағанда барлық параметрлері бойынша басып озған, өйткені жаңа дәуірдегі техника саналады.
– Біздің вакуумдық жүйелерде вакуум құбырындағы қысым деңгейін көрсетіп отыратын манометрлер бар. Жаңа машиналарды орнату кезінде вакуум көрсеткіші ұлғайып, сәйкесінше концентраттағы ылғал көлемінің көрсеткіші азаятын болады. Бұл өте маңызды көрсеткіш және металл өндіру кезінде тұтынушы мен шекемтас өндіру цехы үшін аса қажет, – деді Алексей Давыдов.
«NASH» фирмасы шығарған сорғылардың тиімді жақтары көп болғандықтан, цех басшылығы оларды ескі жабдықтардың орнына орнатуды жалғастыруды да жоспарлап қойған. Сөйтіп, ағымдағы жылы кен дайындау және байыту цехына мұндай жабдықтың тағы бір данасы сатып алынбақшы екен. Осылайша германиялық жабдықтардың жалпы үш данасы сапалы өнім шығаруға үлес қосатын болады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Қуаныш СЕЙДУЛЛАҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив