Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Қуатты тепловоз

Қуатты тепловоз

13.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 691
Комментариев: 0

Қуатты тепловоз


Бұл тепловоз ССКӨБ акционерлік қоғамына инвестициялық бағдарлама аясында 2020 жылы алып келінген. Жылжымалы құрамды сүйрейтін бұл тепловоз ең соңғы үлгіде биыл құрастылырып шыққан. Алдыңғыларымен салыстырғанда қозғалтқышы 20 пайызға қуаттырақ, демек, сүйреу күші көбірек, соған жараса бүгінгі таңдағы міндетіне сәйкес Қашар алаңынан Рудный алаңындағы фабрикаға жүкті де көбірек тасуға қауқарлы.
– Еуразиялық Топ үшін жасаған стратегиямызға орай, осындай сериядағы жаңа тепловоздар 2022 және 2024 жылдары алып келінеді. Әрине, бұл өте жақсы тепловоз, уақыт өте техникаларды жаңартып тұрған жақсы. Ал, ескілері қызметін атқарып болды, – дейді «ССКӨБ» АҚ Қашар тау-кен кешенінің теміржол көлігінде жылжымалы құрамының бастығы Денис Канаев.
Жаңа тепловозды басқару үшін тәжірибелі мамандар таңдап алынған. Ондаған жылдар бойы осы салада жұмыс істеп, өз ісінің шебері атанғандарға жаңа тепловозды басқару мүмкіндігі бұйырып отыр. Сергей Дудник 1992 жылдан бері бірлестікте жұмыс істеп келеді. Өз тәжірибесінен келіп шығып, тепловоздың ерекшеліктеріне таңдай қағып отыр.
– Бұл өте өзгеше техника, заманауи, кабинасын да, басқару тетігін де өзгерткен. Барлығы электронды әрі қолайлы, – дейді тепловоз машинисі.
Тепловоз заманауи құрылғы-лармен жабдықталған. Машиниске қолайлы, желдеткіші, микротолқынды пеші бар, электронды түрде басқарылады. Онымен жұмыс істеген бригада жетістігін бағалап, тамсанып та үлгерген. Ескі тепловоз 105 тонна кен жүктелген 40 думпкарды сүйрей алса, жаңасы сол салмақтағы 50 думпкарды сүйреуге күші жетеді екен. Қашар алаңында бұған дейін 6 тепловоз болса, олардың қатарына су жаңа тағы біреу қосылды.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив