Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
7-06-2021, 16:21
932
0
» Төтеншеліктердің ескертуі

Төтеншеліктердің ескертуі

26.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 746
Комментариев: 0

Қостанай аймағындағы тұрғындарды ауа-райы соңғы күндерде көктемнің жылы күндерімен қуантуда, термометр нөлден жоғары көтеріліп, күннің жылуы күн сайын арқамызды қыздырып келеді. Қаламыздағы құтқарушылар су қоймаларында мұздың белсенді еруімен байланысты балықшыларды және қаланың басқа да тұрғындарын Тобыл өзеніне барудан бас тартуға шақыруда.

 Қар еріп, қара жер келбетін толық көрсетуі үшін бірнеше жылы күндер жеткілікті болды. Қала сыртында да қар дерлік толығымен еріді. Енді су қоймаларындағы мұздар жұқара түскен. Тобыл өзеніндегі мұздар да біртіндер еріп барады. Кейбір жерлерінде жұқа мұздар ғана қалған. Мұндай кезең сенімсіз және қауіпті, өйткені ол адамның салмағын көтере алмайды. Әсіресе, қармақ керуді ұнататындар тәуекелге бел буатынын рейд барысында көрдік. Құтқарушылар оларға ескерту беріп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Рудныйлық құтқарушылар алдын алу шараларын тек балықшыларға ғана емес, балаларға да бағыттап отыр. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде біздің түсірілім тобымыз өзеннің жағалау аймағында жүрген бірнеше жасөспірімді байқады. Үйдегі ата-анасы олардың Тобыл өзені жағалауында жүргенін білмейтіні белгілі болды. Жұқа мұзда ешқандай құтқару жилетсіз серуендеу соңы апатты салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
– Көктем келді, қар мен мұз еріп жатыр. Өзен суға толып, арнасынан асуға шақ тұр. Сәл күнде бірнеше бөлшектерге бөлініп кеткен мұздардың көшкіні де болады. Осыған байланысты қала тұрғындарын балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамын. Тобыл жағалауына жақындау өте қауіпті, оның салдары қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін, – дейді Қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дәурен Саринов.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив