Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
7-06-2021, 16:21
932
0
» Еңбек етсең еленесің

Еңбек етсең еленесің

26.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 844
Комментариев: 0

Жылу электр орталығына жұмысқа 2006 жылдың соңында келген Тойғанов Жақсыбек Талғатбекұлы бүгінгі таңда өз мамандығы бойынша біліктілігін дәлелдеген қызметкерлер қатарында. Алғашында 1 айлық сынақтан сүрінбей өткен жас маман слесарь болып жұмысқа қабылданған. Біршама тәжірибе арттырған соң 2009 жыл соңында шебердің міндетін уақытша атқара бастаған. Осылайша біртіндеп мәнсап сатысында жоғарылай берген. Сол жылдары қаламыздағы политехникалық колледжге сырттай оқуға қабылданыған. 2016 жылы кәсіптік колледж дипломын иелеген соң, қазандық цехының шебері болыпты.


 – Алдын бізде екі брига да болатын. Олар шаң тәріздес отынды дайындау және жағу бригадасы мен гидрокүлді шығару жүйесін пайдалану бригадасы. Барлығының бағыты мен міндеті ұқсас болған соң мен оларды бірлестірдім. 20 адамнан тұратын шағын ұжымымызда жөндеушілер, дәнекерлеушілер бар. Оларды екі бригадир мен тағы бір шебер бақыласа, мен аға шебер ретінде бригаданың барлық жұмысын қадағалаймын. Жалпы біз үрлеу, түтін сорғысы, диірмен секілді бірнеше айналмалы тәрізде жұмыс істейтін қондырғылардың жұмысына жауаптымыз, – дейді Жақсыбек Тойғанов.
Үйлесімді жұмыстың арқасында күрделі авариялар бола бермейді дейді Жақсыбек Талғатбекұлы. Уақытылы жоспарды орындауды күнделікті мақсатқа айналдырған шебер әр ауысымдағы жұмысын барлық қондырғыларды бақылап шығудан бастайды екен. Кейін жұмысшыларға тапсырма беріп, оның орындалу барысын қадағалайды.
– Мен қазіргі Бейімбет Майлин ауданында тұрдым. Ауылдық жер болған соң тұрғындардың от жағатыны белгілі. Мен мектептің қазандығында отжағар болып жұмыс істегенмін. Ауылдың да жылыту жүйесінде слесарь болғанмын. Бастапқы тәжірибені сол жерден алғанмын. Әрине, ауылдағы қазандық жүйесін алып кәсіпорындағы жылу электр орталығының мүмкіндіктерімен салыстыруға келмейді. Дегенмен, мықты мамандардан үйренген соң маған жүктелген міндеттерді орындай алдым, – дейді цех шебері.
Өз тәжірибесі мен білімін жетілдіру мақсатында Жақсыбек Тойғанов ССКӨБ және ERG көлемінде бірнеше оқытуларға қатысқан. Оған дейін слесарь болып жүргенде кәсіби шеберлік сайыстарында бірнеше рет жүлделі орындарды иелепті. «Идеялар фабрикасына» да үздік идеялар ұсынып, өз учаскесіндегі жұмыстарды тиімді етуге қол жеткізген. Ерен еңбектерінің арқасында бірнеше рет жылу электр орталығы мен қаланың орталық алаңындағы ССКӨБ басқармасы қабырғасында орналасқан «Құрмет тақтасынан» көрінген.
– Менің жұмысқа орналасқаныма екі жылдай уақыт болды. Жақсылық Талғатбекұлы менің тәлімгерім. Бар білгенін үйретуден жалықпайды. Бригадамыздың дерлік барлық мүшесі осы шебердің шәкірттері дей аламын. Өте талапшаң, ізденімпаз, еңбекқор, ең бастысы өз ісінің шебері. Бізден де басшы ретінде осындай қасиеттерді талап етеді, – дейді әріптесі Руслан Кенжебаев.
Білікті маман бірлестік көлеміндегі спартакиадаларда футбол, волейбол жарыстарына қатысып келген. Соңғы екі жылда тек бос уақытымда ғана доп теуіп тұрамын дейді Жақсыбек Талғатбекұлы. Себебі, бос уақыты бола қалса, оны жұбайымен және 4 ұлымен бірге өткізгенді жөн көреді екен. Отбасының несібесін кәсіпорынның болашағы зор білетін Жақсыбек Тойғанов ССКӨБ-тің бұдан әрі дами түсуіне өз үлесін қоса беруге ниетті.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив