Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
7-06-2021, 16:21
932
0
» Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

26.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 767
Комментариев: 0

15 сәуірде Рудный аумағында екі айлық санитарлық тазарту кезеңі басталды. Акцияның алғашқы екі күнінде белсенді азаматтардың күшімен қала көшелері қоқыс пен жапырақтан біршама тазарды. Сонымен қатар, қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ өндірістік нысандарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі, құрылыс-монтаждау цехы қызметкерлері еңбекқорлығын танытып, екі күн ішінде өз бөлімшелерінің бүкіл аумағын тазартып шықты.


 Жуырда ғана құрылыс-монтаждау цехы ұжымы бөлімшенің 65 жылдығын тойлаған болатын. Сол сәтте бұл цехта тәжірибесі мол қызметкерлердің көп екенін білдік. Олардан үлгі алатын жас мамандар аға буынның қосқан үлесін бағалай отырып, айналаны абаттандыруға бар күшін салары ғажап емес. ССКӨБ-тегі өндірістік объектілерді санитарлық тазарту айы басталғаны туралы хабар берілген бойы құрылыс-монтаждау цехының жүзге жуық өкілі қолына құрал-жабдықтарын алып, өз бөлімшесінің аумағын тазартуға кірісті.
– Бүгінгі іс-шараға барлық учаскелерден 100 шақты қызметкер қатысуда. Науқанның бірінші күнінінен-ақ бөлімше аумағын тазартуға кірістік. Негізгі атқарылған жұмыстарды айтып өтетін болсам – жапырақтан тазарту, ағаштарды және оның бұталарын кесу және қоқыстарды жинау болды, – дейді «ССКӨБ» АҚ ҚМЦ әкімшілік-шаруашылық қызметінің бастығы Андрей Богдан.
Қызметкерлер бөлімше аумағын тазалаумен қатар, жол жиектерін әктеп, ғимараттардың жертөлелерін қоса гүлзарларды және бөлімшеде орналасқан басқа да сәулеттік объектілерді сырлап шықты.
– Сенбілік бұл игі іс. Еңбек адамды шымыр етеді. Табиғатты аялау баршамыздың міндетіміз. Бүгін құрылыс-монтаждау цехында айналаны тазарту бойынша ауқымды жұмыстар орындалды. Мен бұл сенбілікке сырлау жұмыстарын орындау арқылы өз үлесімді қостым, – дейді («ССКӨБ» АҚ ҚМЦ кәсіподақ ұйымының төрайымы Белла Вяткина.
Қызметкерлерге қолайлы жағдай жарату үшін цех басшылығы төрт техника бөлген – екі КамАЗ және екі тиегіш машинасы. Олардың көмегімен санитарлық тазарту кезінде жиналған қоқыс пен құрғақ жапырақтар арнайы полигонға жеткізілді.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив