Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-07-2021, 15:53
1 078
0
19-07-2021, 15:50
1 163
0
19-07-2021, 15:45
1 055
0
» Адал еңбек мұратқа жеткізеді

Адал еңбек мұратқа жеткізеді

07.06.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 293
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ-да өзінің бар ғұмырын өндіріске арнап, жастарға үлгі болып жүрген жандар бар. Сондай азаматтардың бірі кен алыбына осыдан 50 жылдай уақыт бұрын қосылып, әлі күнге дейін кен өндіруге жұмылдырылған техниканы жөндеуге белсенді атсалысып жүр.


 Мақаламыздың бүгінгі кейіпкері Юрий Ксенз көлік кешенінің автокөлік жөндеу цехында көлік сынаушы болып еңбек етеді. Жастайынан машиналар мен техникаға құмар болған ол, кәсіп таңдаудан еш қиналмай, слесарь мамандығы бойынша оқуға түскен. Алайда арада екі жыл өтпей Юрий Ксенз Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанып, Германия аумағында қызмет еткен. Кеншілер қаласына оралған соң, кейіпкеріміз бірлестікке келіп, көлік жүргізуші болып орналасқан.
- Алғашқы көлігім МАЗ-525 маркалы автомашинасы болды. Қазір ондай техниканы шығару тоқтатылған. Бұдан кейін комбинатқа БелАЗ маркалы самосвалдар келе бастады. Кәсіпорынның дамуымен бірге мұндағы техникалар да үнемі жаңарып отырды. Бес жылда бір рет қатардағы БелАЗ-дардың орнына жаңа үлгілері келді. Жеткізілген техниканың жүк көтерімділігі де арта түсті – алдымен 40 тонналықтар, кейінірек 75 тонналық самосвалдарды алдық. Бұдан кейін шетелдік Komatsu, Caterpillar және Hitachi техникалары пайда болды, - дейді Юрий Ксенз.
Осындай алып көліктерді басқаруды жетік меңгеріп алған кейіпкеріміз «Соколов» кенішінде аршылым мен кенді тасымалдауға атсалысқан. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге қосқан елеулі үлесі үшін басшылық тарапынан бірқатар наградаларға ие болып, бригадир лауазымына дейін көтерілген. Жылдар өткеннен кейін кейіпкеріміз жүргізуші-сынаушы болып тағайындалып, 25 жыл бойы осы лауазымда қызмет атқарып жүр. Күнделікті жұмысымен қатар, Юрий Ксенз автосамосвалдардың құрылысымен танысып, өз білімін жетілдіруді ұнатады.
- Кеніштен келген көлікпен жұмыс істеп, оның ақаулығын анықтауға кірісеміз. Қазіргі техника күрделі болып келгендіктен, құрылысын жақсы білген жөн. Бұл процесс барысында маған слесарьлер, баптаушылар сияқты жұмысшылар көмектеседі. Көліктің ақаулығын анықтаған соң дереу жөндеуге кірісіп, қолдан келгенше тезірек кенішке жіберуге тырысамыз. Егер техниканың ақаулы бөлшегі қалыпқа келмейтін болса, жаңасын қондырамыз. Жөнделген көлікті алдымен сырт көзбен қарап, бұдан кейін арнайы аспаптардың көмегімен толық тексерістен өткіземіз. Көп жағдайда көліктің бөлшектері мен тораптарын өзім тексеріп, егжей-тегжейлі қарап шығамын, - дейді автокөлік жөндеу цехының ардагері.
Жас мамандарға бар білгенін үйретуден жалықпайтын Юрий Ксенз осы уақытқа дейін көптеген слесарьлерге тәлімгер болған. 25 жыл ішінде тәжірибелі мамандарды тәрбиелеп шығарған ол, жақында жылдар бойы еңбек еткен цехтан кетуді көздеп отыр. Себебі зейнет демалысына шыққанына біраз уақыт болыпты. Жарты ғасырдан асатын ғұмырын жергілікті кәсіпорынмен байланыстырып, адал еңбегі үшін Юрий Ксенз бірлестік және ERG тобының басшылығынан бірқатар наградаларға ие болған. Оның портреттің суреті де «ССКӨБ» АҚ басқармасының «Құрмет тақтасына» ілінген.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив