Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-07-2021, 15:53
1 078
0
19-07-2021, 15:50
1 163
0
19-07-2021, 15:45
1 055
0
» Әрдайым көмекке дайын!

Әрдайым көмекке дайын!

07.06.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 263
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ қаланың тұрмыс-тіршілігіне қатысты маңызды проблемаларды шешуге әрдайым қол ұшын созуға дайын. Естеріңізде болса, жылдың басында бірлестік басшылығы Қашар кентіндегі су құбырларын ауыстыруға қатысып, арнайы техникамен қамтамасыз еткен болатын. Жақында осындай техникалық көмек «Рудный Ажар-2006» серіктестігіне көрсетіліп, қала сыртындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тұтанған өртті ауыздықтауға жұмылдырылды.


 22 мамыр күні түскі сағат 13.50-де қала сыртында орналасқан қоқыс төгетін полигондардың бірінде өрт шығып, үлкен аумаққа тараған. Сол жерде жұмыс істейтін адамдардың айтуынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жануы барысында алдымен жарылуға ұқсас дыбыс естіліп, қоқыс үйіндісінің бірнеше жерінен жалын пайда болған. «Рудный-Ажар-2006» ЖШС атқарушы директоры Сергей Чижовтың айтуынша, шамамен жарты сағаттан кейін оқиға орнына жергілікті өрт сөндірушілер жетіп, тағы жарты сағат ішінде «ССКӨБ» АҚ «Соколов» кенішінен су толтырылған «БелАЗ» автомашинасы жіберілген.
- Полигондағы өрт шыққан аумаққа келіп жеткен құтқарушылар дереу өртті ауыздықтауға кірісті. Дегенмен жанған оттың температурасы жоғары болғандықтан, оны жылдам сөндіру мүмкін болған жоқ, - дейді Сергей Чижов.
Қоқыс полигонында орын алған өртті ауыздықтау жұмысына өрт сөндірушілердің 3 экипажы жұмылдырылған. Ауа-райының төтенше ыстық болуына байланыс-ты жалын отты сөндіру жұмысы жексенбіге дейін жалғасыпты.
- Қазіргі уақытта полигондағы қоқыстың кей жерлерінде бықсу белгілері болғандықтан, «ССКӨБ» АҚ-нан жұмылдырылған екі Кам-АЗ көлігі топырақ тасу және себу жұмыстарын орындап жатыр. Бұнымен қоса жергілікті кәсіпорын топырақты тегістеу үшін бульдозер техникасын да ұсынды. Орын алған жағдайға байланысты көмек көрсету туралы өтінішімізге «ССКӨБ» АҚ басшылығы назар аударып, қажетті техникасын жібергені қуантты. Осындай көмек қолын созғаны үшін «ССКӨБ» АҚ президенті Валерий Гриненкоға және облыстық мәслихат депутаты Ерлан Әлкеновке алғыс айтамын. Бұнымен қоса қаланың өрт сөндіру қызметіндегі мамандардың да шұғылдылығы мен кәсіби іс-әрекеттерін ерекше атап өткім келеді. Бірлескен жұмыстың арқасында 800 шаршы метрге жайылған от ауыздықталды, - дейді «Рудный-Ажар – 2006» ЖШС атқарушы директоры.
Сергей Чижовтың айтуынша қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бір өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп, өрттің қайтадан пайда болмауы үшін су шашу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті құқық қорғаушылар мен төтеншеліктер өрттің шығу себептерін анықтауда.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Қуаныш Есқабыл

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив