Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ахаңның есімі берілді

Ахаңның есімі берілді

20.12.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 267
Комментариев: 2

 



   Тәуелсіздік күні қарсаңында қаламыздағы №19 орта мектеп ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленді. Осы тарихи сәтке ахметтанушылар, қаламыздың құрметті азаматтары мен қонақтары, білім саласының майталмандары куә болды.


   Бүгінде Рудный қаласындағы дерлік әрбір мектептің өзіндік атауы бар. Солардың қатарында, №19 орта мектепке Алаш ардақтысы, ағартушысы, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, қоғам және саясат қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ақпарат бұрын жарияланған болатын, бірақ ресми іс-шара жуырда ғана өтті. Ұйымдастырушылар мектепке ілінетін мемориалдық тақтаның дайын болғанын күтіп, одан кейін ашылу салтанатын білім мекемесінің атауын өзгерту мерекесімен ұштастыруды ұйғарған.


   Мектепте Ахмет Байтұрсынұлына арналған мемориалдық тақтамен қатар, оқушыларға «ұлт ұстазының» өмірбаянымен, шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған сынып та ашылды. Кабинетте Байтұрсынұлының қазақи жазуды реформалауға қосқан үлесінен бастап Қостанай уезінің қазақ еншісіне қайтаруға дейін сіңірген еңбектерін бейнелейтін сан алуан түрлі материалдар жиналған. Айта кетейік, бұған дейін 19-шы мектеп оқушылары ғалымның туған жері мен жерленген жеріне саяхат жасап, құнды материалдық-тарихи дәлелдерді қоржынына жинап қайтқан болатын.


   – Мектеп ұжымының білімге деген құштарлығы, білім арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосуға ұмтылуы жанымды жадыратты. Ахмет Байтұрсынұлының есімін ұлықтай отырып шәкірттердің бойына отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдық, азаматтық қасиеттерді сіңіріп жатқанын байқадық. Жалпы Ахаңның мұраты ұлттық мектеп құру болатын. Ол негізін салып кеткен жолды ұстана отырып, осындай ұлттық мектептеріміздің өркендеуіне атсалысып, бәсекеге қабілетті білім ордасы етіп қалыптастыруымыз қажет, – дейді салтанатты шараға қатысқан Қостанай өңірлік университетінің профессоры, ахметтанушы Алмас Әбсадықов.


   Ұлт ұстазына арналған кабинеттерді аралап болғаннан кейін, білім ошағының мәжіліс залында шағын концерт қойылып, балалар жиналғандарға театрландырылған қойылымды ұсынды. Ол жерде Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқылып, бірнеше музыкалық нөмірлер көрсетілді.


   Шара барысында қонақтар сөз сөйлеп, мектепке өз сыйлықтарын тартуға мүмкіндік алды. Қалалық білім бөлімі мектеп ұжымына 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.


   Бұл Рудныйдағы білім ошақтарында орын алатын соңғы оқиға емес, әлі де Қазақстанның ұлы қайраткерлерінің есімдері берілетін мектептер бар.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (2)
  1. OFF
    ergalinab 20 декабря 2022 17:38
    Өте жақсы жаңалық!!!
  2. OFF
    Mar.Atu 20 декабря 2022 17:41
    Жарайсыңдар. Қазақша атауы бар мекемелер көбейе берсін.
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив