Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Жүргізуші болу жауапты іс

Жүргізуші болу жауапты іс

03.08.20
Автор: magnetit
Просмотров: 488
Комментариев: 0

Жүргізуші болу жауапты іс

Тамыз айының бірінші жексенбісі көлік қызметкерлерінің төл мерекесі. Биылғы жылы көлік саласына қатысы бар адамдардың бұл мерекесі 2-ші тамыз күніне сәйкес келіп отыр. «ССКӨБ» АҚ-да жұмысы көлікпен байланысқан жұмысшылар аз емес. Олардың бірі Александр Фориков бірлестікке қарасты Автокөлік цехындағы №1 автоколоннада еңбек етеді. Тәжірибелі мамандардың бірі болып саналатын жүргізуші бүгінгі күні Caterpillar маркалы ауыр техниканы басқарып отыр.


 Жастайынан техникаға жаны құмар кейіпкеріміз бірлестікке 1977 жылы келіпті. Осы жылы Александр Ильич Рудный қаласындағы №1 техникалық училищені тәмамдаған. 18 жасар жас жігітті сол кездегі автокөлік цехының мамандары жылы қабылдап, техниканы басқарудың барлық тетіктерін үйреткен. Цехта біраз жұмыс істегеннен кейін Александр Отан алдындағы борышын өтеп, 1979 жылы кәсіпорынға қайта оралыпты. Міне сол кезден бері кейіпкеріміз өмірінің басым бөлігін кен алыбымен байланыстырып келеді.
- Қазіргі уақытта №1 автокөлік цехында «Caterpillar» ауыр машинасының жүргізуші болып жұмыс істеп жатырмын. Менің негізгі міндетім тау-кен массасы мен кенді тасымалдау. Әр ауысым сайын экскаваторлардың көмегімен тиелген кенді кеніштен сыртқа шығарамын. Бір ауысымда шамамен 20-30 рейс жасаймын, - дейді Александр Фориков.
Әскерден оралғаннан кейін Александр еңбек жолын 20 тонналық БелАЗ жүк автокөліктерін жүргізуден бастапты. Біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін оған 75,110 тонналық ауыр көліктерді басқару сеніп тапсырылған. Кейіпкеріміздің қазіргі көлігі шетелдік «Caterpillar» маркалы ауыр техника 90 тоннаға дейінгі жүкті тасымалдауға қауқарлы.
- Кеңес уақытында шығарылған көліктер мен қазіргі уақытта кеніште пайдаланылып отырған шетелдік көліктердің айырмашылығы жоғары. «Caterpillar» көліктері өте сапалы әрі басқаруға да ыңғайлы. Оның ішінде 360 градусқа дейін шолу жасауға қабілетті бейнекамерасы да бар. Сонымен қатар ауа райының аптап ыстығынан қорғайтын желдеткіші де қарастырылған. Ал қыс мезгілінде бұл техниканың кабинасы өте жылы. Қозғалтқыштары да біршама қуаттырақ. Өзім басқарып отырған техника кенішке 2018 жылы әкелініп, су жаңа көлік маған сеніп тапсырылды. Оған өте қуаныштымын, - дейді көлік жүргізушісі Александр.
Александр Фориков жүргізуші мамандығын таңдауға тәжірибелі мамандардың кеңесі әсер еткенін айтты. Себебі мектепте оқып жүрген кезде оқушылар мен бірлестік жұмысшылары арасында кездесулер жиі өткізіліп, солардың өркендеп келе жатқан бірлестік жайлы әңгімесі себеп болыпты.
Александр Ильич бос уақытын немерелерімен өткізуді ұнатады. Сонымен қатар балық аулаумен шұғылдануға жаны құмар. Тәжірибелі маман бірлестікке енді ғана қадам жасап отырған жас мамандарға ауыр жұмыстан қорықпай, үйренуге талпынуға кеңес беріп отыр. Себебі бұл жерде нағыз кәсіпқойлар еңбек етеді. Сондықтан өз жұмысыңды әрдайым жақсы көруің керек, дейді.
Кейіпкеріміз қасындағы әріптестерін келе жатқан көлік қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтап, оларға табыс пен денсаулық тілеп, жолда абай болуға шақырды.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив