Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Жылу қамын жаз ойла

Жылу қамын жаз ойла

10.08.20
Автор: magnetit
Просмотров: 521
Комментариев: 0

Жылу қамын жаз ойла

Рудный қаласында коммуникациялық жүйелерді алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы істі қолға алып отырған «Рудный жылу желісі» серіктестігінің жұмысшылары қаламыздағы төрт жарым шақырымнан асатын құбыр желілерін күрделі жөндеуден өткізуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта жөндеушілер бригадасы Топорков көшесінің бойында орналасқан магистралды құбыр желілерінің бір бөлігін толық ауыстырып жатыр.


Мұндай жаңартудан кейін Рудный қаласының ескі бөлігі мен МЖК ауданында орналасқан үйлерге берілетін жылудың сапасы біршама жақсаратын болады. Оған мамандар кәміл сеніп отыр. Себебі жаңадан орнатылып жатқан құбырлар заманауи, шіруге төзімді, берік материалдардан жасалған екен.
Бұл көшемен қоса жылыту маусымына дайындық жұмыстары қаланың көптеген бөліктерінде де жүріп жатыр. Берілген ақпаратқа сүйенсек, «Рудный жылу желісі» ЖШС мамандары ағымдағы жылы 4,5 шақырымға жуық құбырды жөндеуден өткізбекші.
- Қаладағы Топорков көшесінде магистралды құбыр желілерін жоспарға сәйкес ауыстырып жатырмыз. Бұл жерде орнатылатын құбырдың диаметрі 630 мм. Оның құны 14 миллион теңгені құрайды. Жұмыстардың барлығы «Қазжылусервис» мердігер ұйымымен жүргізіліп жатыр, - дейді «Рудный жылу желісі» ЖШС бас инженері Владимир Бордоносов.
Мамандардың айтуынша тамыз айының аяғына дейін «Қазжылусервис» серіктестігінің күшімен 78 метр ескі құбыр ауыстырылатын болады. Олардың басым бөлігі жол бойында жатқан құбырлар. Владимир Бордоносовтың айтуынша мұндай күрделі жөндеу жұмыстары алдағы қыс мезгілінде МЖК ауданы мен қаланың шетінде орналасқан үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен.
- Қазіргі уақытта осы көшелерге жылу беріп отырған құбырлар әбден тозған. Жөндеу жұмыстарына 12 адамнан құралған бригада жұмылдырылып отыр. Жөндеушілердің техникасы жеткілікті. Соның арқасында барлық жұмыстар уақтылы орындалады деген сенімдемін, - дейді бас инженер.
Барлық жұмыстарды мамандар жоғарыда айтылған көшелердегі үйлерді ыстық сумен жабдықтауды тоқтатусыз жүргізіп жатқандығын айтып өткен жөн. Бұл жұмыстарды аяқтағаннан кейін мамандар Рудный қаласының басқа көшелеріндегі құбырларды жөндеуге кірісетін болады. Өйткені алдағы қыста тұрғындар сапалы жылумен қамтамасыз етілуі керек. Мамандардың негізгі мақсаты да осы.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив