Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

17.08.20
Автор: magnetit
Просмотров: 447
Комментариев: 0

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

10 тамыз – Абай күні аталып өтті. Абайдың есімі жыл сайын ұлықтанып келсе де, биыл Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Үкіметтің қаулысымен жарияланған «Абай күнінде» қазақ әдебиетінің негізін салушы ұлы ойшылға зор құрмет көрсетілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Абай өлеңдерін оқу челледжіне ат салысқан болатын, бұл бастама тек елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де қолдау тапты. Ұлы ақынның есімін жаңғыртатын шаралардың басым бөлігі халық арасында Абайдың өлең-жырларын оқумен байланысты болды. Рудный қаласында да бұл бастама жақсы қолдау тапты, оған қала әкімдігіндегі тілдерді оқыту орталығы мұрындық болды.


Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді-мекендер мен көшелерге, Мемлекеттік академиялық опера және балет театрларына берілген. Ұлы ақынның құрметіне тек Қазақстанда емес, Ресейде, Өзбекстанда және тағы басқа елдерде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады.
Елімізде аталып өтетін атаулы оқиғалардың қатарына Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өту қолға алынды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілді. Осыған орай Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің қолдауымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, Рудный қаласының мемлекеттік қызметішілері арасында «Абай - Ұлы дана» атты челлендж өтсе, орталық тыңдаушылармен «Абай - дана, Абай - дара қазақта» викторинасы ұйымдастырылды, ал орталық қызметкерлерінің балалары «Ғылым таппай мақтанба» атты өлең жолдарын жатқа оқып берді. Аталмыш іс-шаралардың мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, жастарды ел тарихындағы маңызды оқиғаларға қатыстыру, Абай Құнанбаевтың поэтикалық шығармаларын, еңбектерін дәріптеу және тарату, ұлы ақынның мұрасын насихаттау болып табылады. Кең байтақ жерімізде осындай маңызды оқиғалардың аталып өтуі, өскелең ұрпақтың ел тарихына қатысуына, еліміздің, тіліміздің дамуына өз үлестерін қосады. Қатысамын деушілердің құлағына «алтын сырға», бұл бағыттағы челледж әлі де жалғаса береді.


Жанат ДОСЫБАЕВА
Рудный қаласы әкімдігінің
«Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
басшысының орынбасары

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив