Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Жол жағдайы қалай?

Жол жағдайы қалай?

21.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 368
Комментариев: 0

Жол жағдайы қалай?

Рудный қаласында тас жол төсеу және қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ауқымды жұмыс «Восточная» көшесінің еншісінде. Жұмыстардың күз соңына дейін жалғаса беруі жоспарланғанымен тұрғындар қазірдің өзінде төселген бірқанша жолдарда өз көліктерімен жүріп үлгерді. Негізінен биылғы жөндеудің басым бөлігі орындалғанын мамандар хабарлауда. Дегенмен, тас жол төсейтіндер мердікерлік компаниялар болып табылады. Олар жүктелген міндетті орындай алды ма, тұрғындардың сенімін ақтай алды ма, көлік жүргізушілердің қала жолдарына деген көзқарасы қандай? Осы сұрақтар бойынша ізденіп көрген болатынбыз.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Рудный жолдарына жүргізілген және ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі ауқымды дейді. Данияр Сәбитов журналистермен 2020 жылда назарға алынған басым нысандардың бірі – нөлден тас жол төселіп жатқан Восточная көшесінде кездесті. Жуырда асфальттің «а» әрпі болмаған 577 жарым метрлік аумаққа жаңа тас жол төселіп, қоршаулары қойылған жаяу жүргіншілер жолағы пайда болды.
– Барлық инженерлік коммуникациялар күрделі жөндеуден өтті, су құбырын, газ құбырын ауыстыру бойынша жұмыс 100% аяқталды. Қазір біз қиыршықтас пен құм және цемент төседік, бордюрлар орнату, жол салу, жалпы айтқанда жұмыстың жартысы аяқталды, жақын арада жарықтандыру бағандарын орнату жұмыстары жалғасатын болады. Менің ойымша жұмысымызда ешқандай қиындық болмайды, – дейді Рудный тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.
Барлық жұмыс көлеміне облыстық бюджеттен 156 миллион теңге бөлінген. Бұл ретте «Вакхстрой» мердігерлік ұйым мамандары негізінен отандық өндіріс материалдарын пайдаланып, жол салып жатыр. «Восточная» көшесі түрленіп жатқан бір уақытта бұл мердікерлік компания өнеркәсіптік аймаққа баратын жолдың бір бөлігін жөндеп үлгерді, сонымен қатар 6-шы шағын ауданға орташа жөндеу жүргізсе, ал 5-ші шағын ауданның бір бөлігіндегі жолды жөндеген.
– 5-ші шағын ауданға келсек, неге бір бөлігі ғана жөнделді деген сұрақ туындауы табиғи. Жөндеу жұмыстарының өзіндік түрлері бар. Мысалға, асфальтті сүріп тастап жаңасын төсеу әдісі бар, сонымен қатар, қырып алынған ескі асфальтті жаңасымен араластырып қайта төсеу, тек ойылған жерлерді ғана жамау секілді жұмыс түрлері бар. Барлығы жоспарға және мемлекеттен бөлінген қаржыға сай жүргізіледі. Кейбір жерлерді жамап қана қойған болсақ, келесі жылы жол жүндеу жұмыстарын міндетті түрде жалғастырамыз. Яғни, жамау күйінде қалдырып қоймаймыз, – деді Данияр Сәбитов.
Өткен апта демалыс күндеріне таяу көптеген көлік жүргізушілерінің жүйкесін тоздырған Корчагин көшесіне асфальт төселді. Күтпегенде көлік дөңгелегін іле кететін кедергілер талайды сан соқтырды. Жүйкенің жұқаруына жол бойындағы бірнеше ондаған кәріз құдықтары себеп болған.
– Қазіргі таңда «Комсомол» даңғылындағы айналма жолдан бастап «Корчагин» көшесі басына дейін асфальт төсеу жұмысы аяқталды. Барлық кәріз құдықтары көлік қатынасына кедергі келтірмейтіндей етіп қойылды, – дейді Данияр Сәбитов.
Корчагин көшесінен кейін кезек Фрунзе көшесіне келді. Қазіргі таңда бұл көшеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды десек те, қаламызда басқа да проблемалық нысандар бар. Мысалға, жаңбыр жауғанда «Дзержинский» көшесі бойы көлмек суға толып жататыны жайлы көптеген тұрғындар шағынған болатын. Одан бөлек, дәл осы көшеде жарық бағаны жолға қарай құлайын деп тұр. Бұл әрине үлкен қауіп. Сондай-ақ, «Франко» көшесіне де мінсіз асфальт төселген деп айта алмаймыз, мұны қаламыздағы көлік жүргізушілері растап отыр.
– «Франко» көшесінде «Рудный су арнасы» серіктестігі жұмыс істеген. Біз бұл мәселені жақсы білеміз. Бюджеттен қаржы ажыратылған жоқ. Олар бұзылған жолды қайта қалпына келтіруге міндетті, – деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы.
Ол нақты қашан қалпына келтіріледі? Сұрақ ашық күйінде қалды. Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын бұл ұйым қаладағы ішкі жолдарды жамау туралы шешім қабылдады. 2019 және 2020 жылдары барлық жерде орта деңгейдегі жөндеуге көп көңіл бөлінді. Жолдарды жөндеу және қалпына келтуріге биылғы жылы қомақты қаражат бөлінген. 2020 жылы Рудныйдағы жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге 1 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр, бұл өткен жылғы бөлінген қаражаттан дерлік екі есе көп.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив