Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Құрметке лайық қызметкер

Құрметке лайық қызметкер

05.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 545
Комментариев: 0

Құрметке лайық қызметкер

Қашар тау-кен өндіру кешенінің теміржол цехында байланыс желісінің электригі Ізбасаров Бексейт Пайзоллаұлы бірлестіктегі ең үздік қызметкерлер қатарына енді. Оған риясыз еңбегі мен тәжіриесінің арқасында қол жеткізіп отыр. Бұлай айтуымызға кейіпкеріміздің басшылығы ұсынған жоғары марапат себеп.


Бексейіт Ізбасаров «ССКӨБ» АҚ Қашар ТКӨК теміржол цехына 2007 жылы жұмысқа келген. Содан бері осы цехта қызмет етеді. Алғашында 4 ай бойы тәжірибеден сүрінбей өткен Ізбасаров Бексейіт Пайзоллаұлы 3 разрядты электр-монтері атанған. Соң өз тәжірибесі мен тынымсыз еңбегінің арқасында 5 разрядты маман дәрежесіне жеткен. Қазіргі таңда қосымша тәлім алып, 6 разрядты білікті маман болуға талпынуда.
– Негізгі міндет – байланыс желісіндегі ақаулықтарды жөндеу, электровоздарға жол сілтейтін бағыттауштардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Осы жұмыстарды орындай отырып қауіпсіздік шараларын естен шығармау керек. Себебі жоғары қуатты токпен жұмыс істегеннен кейін қашан да қауіп айналаңда жүреді. Сол үшінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау шарттарын, негізгі міндетіміздегі алтын қағидаларды жатқа білу өміріміз үшін пайдалы. Бір сөзбен айтқанда менің қауіпсіздікке сүйене отырып негізгі атқаратын жұмысым осы, – дейді Бексейіт Ізбасаров.
Бүгінгі таңда кеншілер қаласының қақ ортасындағы ССКӨБ басқармасының ғимарат сыртындағы құрмет тақтасында үлгілі жұмысшылардың қатарында Бексейіт Пайзоллаұлының да суреті ілулі тұр. Тәжірибелі маманның еңбегі алғаш рет бағаланып тұрған жоқ, бұған дейін өз бөлімшесіндегі құрмет тақтасында ілінген суреті көпшілікке үлгі бола алған.
– Әрине, кез келген қызметкер үшін бұл мақтаныш. Бірақ, мен үшін бас басқармадағы құрмет тақтасына суретімнің ілінуі мойныма көбірек жауапкершілікті жүктегендей. ССКӨБ-тің ең үлгілі қызметкерлерінің қатарына енуім маған айқын мақсат, жұмысқа деген құлшыныс пен күш-жігер берді. Ақшалай марапатқа да ие болдым. Енді одан әрі бар білім мен тәжірибемді жұмыста көрсетіп, басшылықтың сенімін ақтауға, өндіріс қарқынын жақсартуға және жас мамандарға үлгі бола білуге тырысамын, – дейді кейіпкеріміз.
Байланыс желісі жақсы жұмыс атқармаса электровоздардың қатынасы тоқтайды, бұл кен тасымалына үлкен кедергі келтірері сөзсіз. Ал, қазып алынған кен өз уақытында тиісті жерге жеткізілмесе бүкіл ССКӨБ-тің жоспары жоққа шығады. Демек, бір-бірімен тығыз байланыстағы үдеріске кейіпкеріміз қомақты үлес қосып отырған мамандардың бірі.
Бексейіт бүгінгі күнде жұбайы-мен бірге ата-анасының ақ батасын алып отырған отбасының тірегі. Сол үшін де бос уақытын тек жанұясына арнайды. Алдағы уақытта жоғары оқу орнына тапсырып, сырттай тәмамдап, біліктілігін де асыруға ниетті. Демек, Бексейіт Ізбасаровты әлі де биік шыңдардан көруіміз ғажап емес.



Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив