Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Отбасылық ағаштар отырғызылды

Отбасылық ағаштар отырғызылды

26.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 472
Комментариев: 0

Рудный қаласының мәдениет және демалыс саябағында экология жанашырларының бастамасымен отбасылық акция ұйымдастырылып, саябақ аумағына 120 түп ағаш егілді. Игі іс-шараны қаламыздың жаңа әкімі Қуандық Испергенов те қолдап, өз жанұясының атынан ағаш отырғызуға ат салысты. 


 Саябақ аумағында өткізілген акция қалалық «Экопатруль» қоғамдық қозғалысымен ұйымдастырылды. Белсенділер акцияға қатысуға ниет білдірген отбасылар үшін жүрекше түріндегі әр отбасының тегі ойып жазылған тақтайшаларын дайындап, емен, қайың және пирамидалы теректердің түптерін тегін таратты.
– Ағаш отырғызу акциясын біріншіден айналаны көгалдандырып, табиғатты сақтау үшін, екіншіден халықтың, оқушылардың, мемлекеттік билік өкілдерінің, ұйымдар мен өнеркәсіптің, сол сияқты қызметін Рудный қаласында жүзеге асырып жатқан жеке кәсіпкерлердің назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аударып, экологиялық сауаттылықты арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау үшін өткіздік, – дейді «Таза қала үшін» экологиялық патруль» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Максим Фролов.
Мұндай экологиялық акциялар соңғы уақытта жергілікті кәсіпкерлер тарапынан кеңінен қолдау таба бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, саябақтағы акцияға «Рудный цемент зауыты» кәсіпорны демеуші болып, қала тұрғындары үшін 50 емен, 50 қайың және 20 терек ағаштарын сатып алған. Бұл ағаштарды рудныйлықтар онлайн тіркелу арқылы таңдауға мүмкіндік алды.
– Акция ең алдымен рудныйлықтарды қаланың тұрмыс-тіршілігіне жұмылдырып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталды. Мұндай акциялардың арқасында жаңа ағаштар пайда болып, қаланың ауасы тазаратыны сөзсіз. Әрине осындай іс-шараларды тұрғындарымыз әбден сағынып қалған және тіркеуге өтініш білдіргендер саны көп болды. Жергілікті мәдениет және демалыс саябағының басшылығымен осы отырғызылған ағаштарға күтім жасау бойынша келісімге келдік. Кейде өзіміз де барып, ағаштарды суғарып тұратын боламыз, – дейді экопатруль жетекшісі.
Айтып өтейік өткен демалыс күндері өткен экологиялық шараға қала тұрғындарымен қатар жергілікті мемлекеттік қызметшілер, оқу орындарының студенттері, мекеме жұмысшылары мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысқан. Экопатруль белсенділері алдағы уақытта осындай акцияларды көптеп ұйымдастыруға дайынбыз дейді.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет экопатруль белсенділерінен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив