Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» «Горняк» маусымды бастады

«Горняк» маусымды бастады

02.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 548
Комментариев: 0

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында рудныйлық «Горняк» командасы өз алаңында алғашқы ойындарын өткізіп, жеңіліске де, жеңіске ке қол жеткізді. 23-24 қазан күндері жергілікті команда елордалық «Номадқа» қарсы ойнап, нәтижесі көңіл көншітпеген болса, 27-28 қазан күндері петропавлдық «Құлагермен» өткізген ойында кеншілер олқылықтың орнын толтыруға тырысты. 

 «Номадқа» қарсы өткізген алғашқы кездесуде «Горняк» ойыншылары қарсыластың қарымды шабуылдарына жауап беруге тырысқанымен, ойынның үшінші минутында қонақтар есеп ашып, үзілістен кейін тағы да бір голға қол жеткізді. Арада бірер минут өткен соң кеншілер командасы Артем Сошников пен Александр Куршуктың күшімен таблодағы есепті теңестіріп, шайбаға талас одан әрі күшейді. Дегенмен елордалықтардың шеберлігі айқын болып, алғашқы ойын 5-3 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталған болса, кездесудің екінші күнінде де «Горняктың» жолы болған жоқ. Бұл күндегі есеп 3-1.
- «Номадпен» өткізген алғашқы ойындардағы сәтсіздік маусым алдындағы ойындардың жеткіліксіздігінен деп есептеймін. Бірінші және екінші ойындарда лайықты жауап қайтаруға мүмкіндік болғанымен, ойыншыларымыздың шеберлігі аз болды. Біздің команда құрамындағы ойыншылардың 70 пайызы жаңадан келген хоккейшілер. Бұл жігіттердің чемпионат ойындарына үйренісіп кетуіне уақыт керек деп есептеймін. Кейде ойыншылардың жекелей қателіктері де болғаны жасырын емес. Бірақ команда хоккейшілері көрсеткен жылдамдық көңілімнен шықты. Осы ойындардың нәтижесі бойынша қорытынды жасап, ойын барысын талдайтын боламыз, - деді «Горняк» хоккей командасының бас бапкері Сергей Невструев.
27-28 қазан күндері «Құлагермен» өткізген кездесуде хоккейшілеріміз алдыңғы ойындардағы олқылықтарын ескергенін көрсетті. Бірінші ойында есепті «Құлагер» командасы ашқанымен, екінші кезеңнің ортасына қарай Сергей Невструев шәкірттері есепті теңестіріп, бірер минуттан кейін шабуылшылар Владимир Кротов пен Евгений Щанкиннің арқасында екінші шайбасын соқты. Ойынның 48-ші минутында петропавлдықтар есепті теңестіргенімен, 52-ші минутта жеңіс голын «Горняк» шабуылшысы Владислав Власов соқты.
28 қазан күні «Құлагермен» өткізген екінші ойынның алғашқы минуттарында «Горняк» ойыншылары қарсыластарына қысым көрсеткенімен, петропавлдықтар жақсы құрылған қорғаныстың арқасында кеншілердің шайба соғуына мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан ойынның бірінші кезеңінде қонақтар жерлестеріміздің қақпасына үш шайба соғып, келесі кезеңдерде де шабуылдарды барынша күшейтті. Қорытынды есеп 7-2 «Құлагердің» еншісінде. 31 қазан және 1 қараша күндері «Горняк» хоккейшілері «Ертіс» командасын қабылдайтын болады.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет интернеттен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив