Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
11-05-2021, 15:51
311
0
11-05-2021, 15:47
296
0
11-05-2021, 15:46
319
0
» Тіл тазалығын сақтайық!

Тіл тазалығын сақтайық!

07.12.20
Автор: magnetit
Просмотров: 693
Комментариев: 0

Көшеде жүрсеңіз, қазақ тілінде жазылған жарнамаларда жіберілген қателер мен қисынсыз аудармаларды көргенде, көкейде ыза туатыны белгілі. Қазақ тіліндегі мәтіннің дұрыс жазылмауы немесе жарнама бетінен мүлдем орын таппауы өрескел бұзушылық болып саналса да, кейбір кәсіпкерлер, жарнама агенттіктері мұндай қателерді түзетуге асығар емес. Бұндай олқылықтарды жою үшін, Рудный қаласының тілдерді оқыту орталығы мамандары, жергілікті еріктілермен бірге арнайы акцияны ұйымдастырды.

 Еліміздің Тіл туралы заңында нақты айтылғандай, барлық билбордтар мен жарнамалар, маңдайшалар мен хабарландырулар, дүкендердегі көрнекіліктер міндетті түрде екі тілде жазылуы керек. Сондай-ақ қазақ тіліндегі жазу жоғарыда немесе сол жағында болса, орыс тіліндегі жазба төменде немесе оң жақта тұруы тиіс. Екі тілдегі мәтіннің шрифтері де, әріптері де бірдей көлемде болуы шарт. Қалалық тілдерді оқыту орталығының мамандарымен ұйымдастырылған акцияның мақсаты да ережеге сәйкес келмейтін осындай жазбалардың санын қысқартуды көздейді. Іс-шара барысында тіл жанашырлары мен рудныйлық еріктілер сауда және қызмет көрсету объектілерінің иелеріне, қала тұрғындарына, такси жүргізушілеріне орталық мамандарымен дайындалған сөздік кітапшаларды үлестіріп, дүкендердің есіктеріне, аялдамаларға тілдің дұрыс қолданылуы жайлы ақпарат беретін плакаттарды ілді.
- Іс-шара аясында такси жүргізушілеріне, дүкен иелеріне арнап арнайы тілашарды дайындап, үлестірдік. Бұл кітапшаларда әртүрлі тақырыптар қамтылып, сұхбаттасу, жолаушылар мен такси жүргізушілері арасындағы сұхбат, дұрыс амандасу, қоштасу, кешірім сұрау сияқты мысалдар келтірілген. Сонымен қатар күнделікті өмірде қолданылатын диалогтар қамтылып, сан есімдердің де мысалдарын жазып қойдық. Мысалы жолаушы жол ақысы қанша деп сұраған кезде, 500 теңге немесе 100 теңге деген сияқты сөздер, диалогтар бар, - дейді қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Айнұр Ідірісова.
Тілдерді оқыту орталығының мамандары айтқандай, бүгінгі күні қазақ тіліндегі жарнаманың орфографиялық олқылықтарымен қоса, кейбір жарнамаларда ана тіліміздегі мәтіні мүлдем жоқ. Мұндай бұзушылықтарды тұрғындардың өздері де анықтап, әлеуметтік желілерге, орталық сайтына жүктеп, жұртшылықтың талқысына салады екен. Бұл, қателерге толы жарнамалардың санын қысқартуға септігін тигізеді, дейді мамандар.
- Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп осындай шараларды айына екі рет өткізіп тұрады. Бұл жолы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерін, еріктілерді де жұмылдырып отырмыз. Осындай рейдтерден бөлек, кәсіпкерлер үшін дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, қосымша әдістемелік көмек көрсетіп келеміз. Азаматтардан келіп түсетін шағымдарды орталық мамандары қарастырып, ол бойынша жұмыстар жүргізіледі, - дейді «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушысы Жанат Досыбаева.
Орталық басшысының айтуынша, көшедегі жарнамалар мен көрнекіліктерде анықталған қате жазулар жайлы тұрғындар 4-87-13 нөмірі бойынша немесе орталықтың электрондық поштасына жазып хабарлай алады. Сондай-ақ жарнама берушілер мен жасаушылар үшін орталық мамандары тегін кеңес беріп, қазақша мәтінді дұрыс жазуға көмектесуге дайын.

Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив